Қазақстанда алғаш рет NFC-төлем жүйесі енгізілмек

29 Қыркүйек 2015, 04:11

NFC (Near Field Communications) дегеніміз - қарапайым тілмен айтқанда, күнделікті төлемді ұялы телефон арқылы жасауға мүмкіндік беретін заманауи технология.

NFC (Near Field Communications) дегеніміз  - қарапайым тілмен айтқанда, күнделікті төлемді ұялы телефон арқылы жасауға мүмкіндік беретін заманауи технология.

Мұндай төлем жүйесін қазақстандық банктер ішінде бірінші болып Казкоммерцбанк бастамақ. Жүйе енгізуге толықтай дайын және қазірден бастап Homebank.kz порталының пайдаланушылары жаңа жүйені орнату бойынша арыздарын бере алады. Кейіннен бұл жүйеге өзге де банктер қосылады. Жүйе төрт тарапты қамтиды: абонент/төлем жасаушы мен төлем қабылдаушы, банк және ұялы байланыс операторы.

Қазіргі таңда аталмыш қызмет жүйесін пайдалану үшін Sim-картаны қосымша функциямен жабдықтау керек. Келешекте бұл технология смартфонмен интеграцияланып, Sim-картаны ауыстырудың қажеттілігі болмайды.

Сондай-ақ, барлық қызмет көрсетуші мекемелер ұялы телефон арқылы төлем қабылдау үшін POS-терминадар орнатуы қажет.

NFC қызметіне сай келетін операциялық жүйелер:

 NFC-төлемнің артықшылықтары

Әрине мұндағы ең негізгі мәселе – бұл қауіпсіздік. Алайда дәл пластик картасындағыдай, NFC орнатылған телефоныңыз жоғалғанда оған тосқауыл қоюға болады. Сондай-ақ, телефонды төлем үшін пайдалану үшін екі PIN керек: біреуі телефон үшін, екіншісі транзакция үшін. PIN код сұрау үшін төлем суммасы белгілі бір деңгейден жоғары болу керек. Мәселен, 5000 теңге делік. Бұл дегеніңіз 5000 теңгеге дейінгі төлемді жасау кезінде сізден ешқандай код сұралмайды. Ал егер сумма одан әрі асатын болса, онда қауіпсіздік шаралары іске қосылады.

NFC технологиясының тағы бір ерекшелігі – бір Sim-картаға бірнеше банктің мәліметтерін енгізуге болады. Мәселен, егер сізде Казкоммерцбанктағы есеп шотыңызда ақша таусылда, сіз Халық Банктегі қаражатыңызды пайдалана аласыз.

Сараптамалық пікір:

Қазақстанда NFC-төлем жүйесін жаппай пайдалануға толықтай негіз бар: адамдар терминал арқылы төлем жасауға үйренді және ұялы телефон арқылы төлеу де ешкімге оқшау болып көрінбесі анық; смартфон байлық көрсеткіші емес, жай ғана қажеттілікке айналды, яғни екінің бірінде смартфон бар.

Алайда, NFC-төлем жүйесін жаппай пайдалану түрлі мәселе тудыруы мүмкін: заңнамадан бастап, техникалық сұрақтарға дейін. Сол себепті бұл жүйенің толыққанды енуі белгілі бір уақыт алуы мүмкін. 


Дәурен Омаров

Бөлісу: