Қазақстанда 9 адамнан коронавирус анықталды

3 Маусым 2022, 11:29 47895

Фото: pixabay.com

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 9 адамнан анықталды,- деп хабарлады El.kz.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлімдеді.

Инфекция жұқтырғандар үш өңірде тіркелген. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтанда – 3, Алматыда – 3, Қарағанды облысында – 3.

Сондай-ақ, 1 науқас – Қарағанды облысының тұрғыны жазылып шықты.

Айта кетсек, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 769 жетті. 1 292 020 адам COVID-19-дан емделді.


Бөлісу: