Қазақстанда «Стэлс-Омикрон» штамы анықталды

10 Маусым 2022, 10:31 46173

24.kz

Қазақстанның 12 өңірінде «Стэлс-Омикрон» штамы анықталған, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингінің нәтижелері бойынша коронавирус инфекциясының әртүрлі штамдарының айналымы анықталды. Барлық өңірлерде BA.1 «Омикрон» штамы – 98,6%, оның ішінде 12 өңірде BA.2 «Стэлс-Омикрон» – 36,7%, B.1.617-Delta – 1,4% анықталды. ПТР скринингінің нәтижелерін растау үшін толық геномды секвенирлеу жүргізілді. Жүргізілген толық геномды секвенирлеу нәтижесі бойынша BA.2 «Стелс-Омикрон» штамының – 93,8% (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары), BA.1 «Омикрон» штамының – 6,2% (Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары) айналымы анықталды» делінген хабарламада.

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарамастан, министрлік коронавирус инфекциясына қарсы уақтылы вакцинациядан, ревакцинациядан өтуге кеңес береді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау үшін вакцинаның 3 түрі бар (Пфайзер, Синофарм және КазВак), оның ішінде 2-еуін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған.

Бөлісу: