Қазақстандағы этномәдени бірлестіктер: кешесі мен бүгіні (ІІ бөлім)

10 Сәуір 2021, 19:18 3897

Қазақстандағы грек қоғамдарының, дүнгендерінің және татар-башқұрттардың Ассоциациясы

 

Қазақстандағы татарлар мен татар-башқұрттардың қоғамдық және мәдени ассоциациясы

 

«Идел» деп аталатын Қазақстандағы татарлар мен татар – башқұрттардың қоғамдық және мәдени ассоциациясы Қазақстандағы татарлар мен башқұрттардың қоғамдық-мәдени орталықтарын біріктіріп, олардың тілі мен мәдениетін жаңғырту мен дамыту қызметімен айналысады. Ассоциация Татарстанның Қазақстан Республикасындағы өкілдігі арқылы «Татар энциклопедиясы» редакциясымен бірлесіп жалпы түрік мәдениетінің, соның ішінде Қазақстан мәдениетінің де дамуына зор үлес қосқан татар мәдениет және ғылым қайраткерлері туралы құнды деректер мен құжаттар алғызған-ды.

 

Облыстық татар мәдени орталықтары татар әндері мен би- лерінің фестивальдарын Талдықорған, Қапшағай, Шымкент қалаларында өткізіп тұрады. Семейде «Козге Иртыш моннары» халықаралық фестивалі 4 рет өткізіліп, оған Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен, Зырян, Павлодар, Петропавл қалаларынан өнер ұжымдары, сондай-ақ, Татарстан мен Дағыстаннан шығармашылық ұжымдар мен белгілі артистер қатысты. Қазақстанның 14 облысы мен қалаларында татар және башқұрт халықтарының терең тарихы бар ұлттық ән, би және спорттық ойындар мерекесі «Сабантой» дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Оған мәдени орталық өкілдері ғана емес барлық қалың жұртшылық белсене атсалысады. Бүгінгі күні сабантой Шын мәнінде бүкілхалықтық мерекеге айналып, үлесін қосуда. Қазақстан халқының достығы мен бірлігін нығайтуға өз Павлодарда достық мектебінде ана тілін, туған халқының мәдениеті мен тарихын татар балалары да оқып-үйренеді. Ал Семейде бастауыш музыкалық татар хор мектебі жұмыс істеген, кейін ол өнер мектебіне айналды. Бұл ерекше мектеп Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Татарстан Президенті М.Ш. Шаймиевтің қолдауы нәтижесінде ашылды. Онда балалар татар тілін, Қазақстан халқының әндері мен билерін үйренеді. фольклорлык татар ансамбльдері еліміздің барлық дерлік облыс орталықтарында жұмыс істейді. Мәселен, ондай ұжымдар Семейде – 5, Шымкентте 3. Алматыда - 4. Алматыдағы «Сарман» ансамблінің өнері республикамыздан тыс жерлерге де әйгілі. Ансамбль жұмысына Қазақстан мен Татарстанның еңбегі сіңген кәсіби әртістері де қатысады. «Сарман» ансамблі жеке концерттік бағдарламаларымен сабантойларда, түрлі фестивальдарда халықтың қошеметіне бөленіп жүрген ұжым. Татар қоғамдық-мәдени орталықтары еліміздің барлық мемлекеттік мейрамдарына және мерейтойлық мәдени шараларға белсене қатысады.

«Барбанг» — күрдтер қоғамдық бірлестігінің ассоциациясы

Күрдтердің мәдени орталығы ұлттық тілі мен мәдениетін, Қазақстан халқының достығы мен бірлігін дамытуды алдына мақсат етіп қойған бірлестік. «Күрд үйі» күрд халқының ғана мәдени ошағы емес, оның есігі басқа да халықтарға айқара ашық. Жыл сайын оның қабырғасында «Новруз» мейрамы, Қазақстан халқы бірлігі күні, Республика күні, Тәуелсіздік күні сияқты мемлекеттік мерекелер атап өтіледі. Сондай-ақ, күрдтердің мәдени орталығы «Біз достығымызбен мықтымыз», «Қазақстан – біздің Отанымыз» атты фольклорлық-этнографиялық балалар фестивальдарын ұйымдастырып тұрады. «Күрд үйінде» ақсақалдар кеңесінің жиындары, шығармашылық кештер, алыс және жақын шет елдердің көркемөнер ұжымдарының концерттері өткізіліп тұрады. Онда күрдтердің тұрмыс-тіршілігі, ұлттық салт- дәстүрді сақтау сияқты көкейкесті мәселелері талқыланады. Мұндай орталықтар күрдтер тығыз қоныстанған Қазақстан облыстарының барлығында жұмыс істейді. 2005 жылы Ассоциация ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында күрд халқына арналған экспозиция қайтадан өз жалғасын тапты. Күрд халқы мәдени орталығының қызметіндегі атап өтетін ерекшеліктердің бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық үйінде» Қазақстан күрд әйелдері конференциясының өткізілуі болды. Конференция жұмысына Жамбыл, Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарымен бірге ТМД елдерінен келген әйелдер де қатысты. Ассоциация 2004 жылы 22 қарашада күрдтердің Қазақстанға депортациялануына 60 жыл толуына орай конференция ұйымдастырды. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып тұратын ұлттық тағамдар фестивалі аясында күрд халқының ұлттық тағамдары күні өткізіледі. Ассоциация белгілі қазақ және күрд жазушыларымен, ғалымдарымен, қоғам қайрат- керлерімен «Достық» деген айдармен кездесу кештерін өткізіп тұрады. Ассоциация басқармасы тарапынан Балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық шаралары өткізілді. Бұл шараға ұлттық мәдени орталықтарының балалары мен №3 балалар үйінің тәрбиеленушілері шақырылды. Ассоциацияның жастар қанаты «Күрд жастары нашақорлыққа қарсы» деген айдармен спорттық спартакиадалар ұйымдастырып тұрады. Ал жастар қанатының футбол командасы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кубогі жарыстарына тұрақты түрде қатысып тұрады. Ассоциацияның қолдауымен Алматы мен республиканың басқа да облыстарында күрд тілін үйрететін жексенбілік мектептер ашылған. Қазіргі таңда қазақ сыныптарында оқитын күрд балаларының саны да жыл сайын арта түсуде. Күрд тіліне 1000 астам қазақ ақын-жазушыларының шығармалары аударылған.

 

Қазақстандағы грек қоғамдарының Ассоциациясы

 

Қазақстандағы грек қоғамдарының Ассоциациясы да еліміздегі ұлтаралық татулық пен келісімге өз үлесін қосып келеді. Бүгінгі күні Қазақстан аймақтары бойынша Грек мәдени орталықтарының саны 18-ге жеткен. Олардың барлығы республиканың қоғамдық өміріне белсене араласады.

 

Ассоциация жексенбілік мектептер ашып, грек тілі мұғалімдерін даярлау ісін де дұрыс жолға қойып келеді. Жексенбілік мектептер Алматы, Шымкент, Тараз, Теміртау, Қарағанды, Павлодар қалаларында тұрақты жұмыс істесе, Талғар ауданы Панфилов ауылында грек тілі факультатив түрінде оқытылады. Қазіргі кезеңде ассоциация алдында Ақтөбе, Актау, Қостанай мектептері үшін мұғалімдер даярлау және сыныптарды арнайы техникамен жабдықтау міндеті тұр. Жексенбілік мектептерде грек тілімен қатар, грек халқының тарихы мен мәдениеті оқытылса, көркемөнер ұжымдары гректің халық әндері мен билерін насихаттайды. Ассоциация грек этносының тарихи отанымен байланыс орнатып, оны дамытуды жүзеге асырып келеді. Соның нәтижесінде грек тілінің мұғалімдерін даярлауға көмек берілді. Ассоциация ұйытқысымен Грецияның жетекші жоғары оқу орындарымен танысуына және ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік жасау мақсатымен Қазақстан ұлттық университеттері басшыларының арнайы сапары ұйымдастырылды. Бұл сапардың қорытындысында еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері үшін жазғы демалыс кезінде Греция тарихымен, мәдениетімен жете танысуға, грек тілін үйренуге арналған бағдарламаны жүзеге асыруға қол жеткізілді. Сондай-ақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде грек тілін үйретуге көңіл бөле бастады. Мұндай шаралардың жүзеге асуына Греция Білім министрлігінің қаржысымен екі оқытушыны жіберуі мүмкіндік берді. Грециямен ынтымақтастықтың тағы бір қыры – балалардың, жастардың, қарттардың осы елде демалуын қамтамасыз ету болып табылады. Ассоциация жұмысында Қазақстан экономикасына инвестиция тарту бағыты да қарастырылған. Ассоциация жастар арасындағы қоғамдық жұмыстарға да ерекше мән береді. Ұйымның қолдауымен жастар «Филия» газетін шығару жобасымен айналысып келеді. Грек жастары Ассамблеяның жастар қанатында белсенді қызмет атқарады. Жергілікті жерлердегі мәдени орталықтар ішінде Шымкенттегі — «Ирини», Кентаудағы – «Селена», Панфилов кентіндегі — «Арго», Павлодар облысындағы – «Эльпида», Ақтөбеде - «Эллада» және т.б. бірлестіктердің белсенді қызметін атап көрсетуге болады.

 

Қазақстан дүнгендерінің ассоциациясы

 

Қазақстан дүнгендерінің Ассоциациясы Жамбыл, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы дүнген мәдени орталықтарының қызметін үйлестіріп отырады. Ассоциацияның белсенділігі нәтижесінде республика жұртшылығы бірқатар мәдени бағдарламалар мен іс-шаралардың куәсі болды. Олардың қатарында Алматы, Тараз қалалары мен Сортөбе, Масанчи, Жалпақтөбе ауылдарында өткізілген Дүнген мәдениеті күні ерекше есте қаларлықтай ұйымдастырылған-ды. Онда фольклорлық және эстрадалық концерттік бағдарламалар, халық қолөнері туындыларының және ақын-жазушылар шығармаларының көрмелері және т.б. шаралар өткізілген еді. Тағы бір мәдени ірі шара – ол Масанчи ауылында Биянхуға арналған ескерткіштің тұрғызылуы болды. Сонымен бірге, дүнгендердің Қазақстанда тұрғанына 125 жыл толуын да жан-жақты атап өтті. Қазақстан дүнгендерінің Ассоциациясы қаржысына Масанчи және Сортөбе ауылдарында екі орта мектеп салынып, пайдалануға берілді. Бұл мектеп құрылыстарын жеделдетуде асар дәстүрі қолданылды. Аталмыш мектептер Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойын атап өтуге орайластырып салынған еді.

 

Ассоциация дүнген жастарын оқыту мәселесіне де ерекше көңіл бөледі. Ассоциацияның қаржылай қолдауымен ҚХР-ға 8 студент, Малайзияға 2 студент оқуға жіберілді. Ассоциация, сонымен бірге, дүнген тілі оқулықтарын даярлау ісін де қаржыландырады. Қазіргі кезде 4 оқулық шығып тұрса, болашақта тағы да 6 оқулық шығару жоспарланып отыр. Дүнген тілі оқулықтары 20 жыл бойы қайта басылып шығарылмаған екен. Ассоциация өзінің он жылдық қызметі барысында еліміздің барлық аймақтарындағы дүнгендерді біріктіріп, Қырғызстан, ҚХР және Малайзия дүнгендерімен тығыз байланыстар орнатып үлгерді. Ұлттық мәдениеті мен тілін, тарихын, салт-дәстүрлерін жаңғырту мен дамытуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды үйлестіру мен жандандыру үшін «Вонщен» (Үміт) білім және мәдениетті қолдау қоғамдық қоры құрылды. Қоғамдық қор 2001 жылы Алматыда өткізілген «Дүнген тілі мен әдебиетін зерттеудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындысына сәйкес қабылданған шешім бойынша құрылған-ды. Қор жоғары оқу орындарының студенттерімен, дүнген тілі мен әдебиетін оқытатын мектеп мұғалімдерімен, Қазақстан ғалымдарымен, Қырғызстан

Ұлттық ғылым академиясының Дүнгентану бөлімімен, ҚХР ғалымдарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Қазақстан дұнғандары Ассоциациясы Сортөбе ауылындағы № 17 орта мектепте дүнген тілі мен әдебиетін оқыту мен зерттеу мәселелері бойынша республикалық семинар өткізді. Семинардың қабылдаған қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстандағы дүнген тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалімдер үшін әр тоқсан сайын семинар өткізіп тұру белгіленді. Бұл семинарларда Қазақстан мен Қырғызстан Ұлттық Ғылым Академиясының Дүнгентану бөлімі ғалымдары дүнген мектептерінің педагогикалық ұжымдарын дүнгентанудың жаңа бағыттарымен, дүнген тілі мен әдебиетін зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелерімен таныстырып отырады. Семинарда жаңашыл педагогтар мен әдіскер-ұстаздар оқу-тәрбие жұмысының озық тәжірибелерімен алмасып, дүнген тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін баяндайды. 2002 жылы тамызда жазғы лингвистика институтының ғылыми қызметкері Эрехорнның (ГФР) қатысуымен қазіргі дүнген тілін дамыту мәселелері бойынша республикааралық конференция ұйымдастырылды. Халықаралық байланыстарды кеңейту максатында Ассоциация ҚХР бірқатар өндіріс орындарымен білім, экономика, сауда салалары бойынша келісімшарттар жасады. Дүнген халқының ерекше қасиеті – олар жер өңдеудің қыр-сырын жетік меңгерген. Қазіргі кезде қазақстандық дүнген жастары келісімшарт бойынша Ресейде көкөніс өсіру кәсібімен шұғылданып келеді. Ал жергілікті жердегі дүнген диқандарына ауыл шаруашылық өндірісімен шұғылдануына барлық жағдайлар жасалған. Дүнгендердің ұлттық мерекелеріне Қазақстандағы халықтардың бір кісідей атсалысуы дәстүрге айналған. Көптеген қызықты әрі тәрбиелік мәні зор мәдени іс-шаралар телерадио бағдарламаларында, облыстық және аудандық газеттерде, республикалық журнал беттерінде жарияланып отырады. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мен республикалық БАҚ арқылы дарынды дүнген бүкіл еліміз танитын болды.

 

Дүнген халқы үшін Тілдер апталығы қадірлі мерекелердің біріне айналды. Сондай-ақ, дүнген мектептерінде ұлы Абай, М.Әуэзов, А.Пушкин, М. Лермонтов, С.Есенин және т.б. ақын-жазушылардың шығармашылығын оқып-үйренуге ерекше мән беріледі.

Мөлдір Дарханбаева
Бөлісу: