Қазақстандағы этникалық топтардың әлеуметтік-экономикалық және саяси интеграциясы

8 Тамыз 2018, 06:50 2957

Биылғы 7 тамызда Петропавл қаласында Достық үйінің ғимаратында «Қазақстандағы этникалық топтардың әлеуметтік-экономикалық және саяси интеграциясы» тақырыбымен, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қор өкілдігімен бірлесе дөңгелек үстел өткізді.

Конрад Аденауэр қоры саяси қор болып табылады, ол атақты Германияның неміс канцлерінің атына аталған. Конрад Аденауэр аты елдегі демократиялық өзгерістермен, мәдени және рухани құндылықтарды нығайтумен байланысты. Өз кезегінде, Қордың негізгі мақсаттарының бірі құдылық қағидаттарын нығайту негізінде өңірлік және ғаламдық ынтымақтасты тереңдету болып табылады. Бұл Қор халықаралық деңгейде іс-шаралар өткізеді, сонымен қатар Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе қызмет етеді.

Осылайша, Қормен достық қарым-қатынасын нығайту мақсатында, одан әрі дипломатиялық ынтымақтасты нығайту мақсатында Петропавл қаласында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, оған этномәдени бірлестік өкілдері, қоғам қайраткерлері, оқу орындарының, тарихи-өлкетану мұражайымен, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының, «Қоғамдық келісім» КММ, ғылыми-сараптамалық топ қызметкерлері қатысты.

Құттықтау сөзімен Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов сөз сөйледі, ол ұйымдастырушыларға осындай пікір алмасу  мүмкіндігін ұйымдастырғандары үшін алғысын білдірді. Осыдан басқа «Национальное многообразие – основной «бренд» казахстанского общества» тақырыбымен баяндама ұсынылды.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Людмила Гривенная Қазақстан халқы Ассамблеясының консультативтік-кеңестік құрылымы туралы айтып берді.

Конрад Аденауэр атындағы қор өкілдігінің директоры Томас Хельмнің: «Миграционные тренды и вызовы сотрудничества этнических групп на фоне роста мирового населения» тақырыбында сөйлеген сөзі қызықты болды. Ол «Сосуществование этнических групп в Казахстане» зертеуінің тұсаукесерін көрсетті, онда этникалық топтардың жағдайы және Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынас жағдайлары туралы сұрау нәтижелері жинақталған.

Алма Мұрзалинова, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі заманауи білім берудің ең маңызды элементі-үштілділік туралы айтып берді.

«Қазақстардың дүниежүзілік Ассоциациясы» РҚБ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жеткшісі, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері, Сағындык Салмұрзин «Внедрение латинизации в Казахстане – перемены, обусловленные временем» баяндамасын ұсынды.

Дөңгелек үстелдің маңызды компоненті болып этномәдени бірлестіктердің қатысуы болды. Олар өз қызметтерінің бағыттары, мақсаттары және жұмыстарының мақсаттары туралы айтып берді.

Осылайша, Эльвира Ковзель, «Видергебурт» Солтүстік Қазақстан неміс мәдени орталығының төрайымы  «Культурные связи с исторической Родиной — основа сохранения этнической идентификации этносов Казахстана» тақырыбымен баяндама ұсынды. Чингиз Курбанов, «Центр азербайджанской культуры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы этномәдени бірлестіктің этносаралық саясаттың іске асырылуына қалай қатысатыны туралы айтып берді. Сонымен қатар Валентина Корнева, «Северо-Казахстанский областной польский культурный центр «Коперник» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, орталық қызметінің тұсаукесерін ұсынды, ең маңызды және қызықты іс-шараларға тоқталды.

 

Бөлісу: