Қазақстанда ҰҚШҰ барлаушыларының оқу-жаттығуы өтіп жатыр

5 Қазан 2022, 01:23 1190

Бірлескен оқу-жаттығу Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» және «Гвардейск» полигондарында өтіп жатыр.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің барлау органдары мен бөлімшелері «Іздеу-2022» арнайы оқу-жаттығуына қатысуда, деп хабарлайды El.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірлескен оқу-жаттығу Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» және «Гвардейск» полигондарында өтіп жатыр.

«Іздеу-2022» оқу-жаттығуының мақсаты бойынша басқару органдары мен контингенттер бөлімшелері ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік өңіріндегі қарулы қақтығысты оқшаулау іс-қимылын пысықтайды.

Оқу-жаттығу барысында Жедел әрекет ету ұжымдық күштерін топтастыру және бірлескен операцияны дайындауда тез өзгеретін жағдайды ескере отырып, үздіксіз барлау жүргізу де ұйымдастырылды.

ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің қолбасшысы қабылдаған шешімді орындау кезінде барлаушыларға арнайы барлау құралдарын қолдана отырып, қарсыластың жасақтарын анықтау міндеттері жүктеледі.

Арнайы оқу-жаттығудың мақсаты – басқару органдарының өзара іс-қимылын жетілдіру, далалық білім деңгейін көтеріп, барлау бөлімшелердің тез арада үйлесімділігін арттыру болып табылады.

Бөлісу: