Қазақстанда бензин мен дизельдің қанша қоры бар?

24 Тамыз 2022, 07:44 1040

Еліміздегі мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 бензинінің жиынтық қоры - 183,3 мың тонна

Энергетика министрлігі дәл қазіргі уақытта Қазақстанда мұнай өнімдерінің қанша қоры қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.

Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерін өндіру, тиеу, тасымалдау және қорды толықтыру процесі - тәулік сайын тоқтаусыз жүзеге асырылатын процесс.

«Күн сайынғы қор көрсеткіші - толықтырылып отыратын көлем саналатын индикативтік көрсеткіштер және аталған күндер өткеннен кейін мұнай өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу тоқтайтындығын білдіретін факторлар емес. Жоғарыда аталғандай, мұнай өңдеу зауыттарында тәулік бойы мұнай өнімдерін өндіру мен тиеу процесстері тоқтамай, штаттық режимде жұмыс жасап тұрады», - деп мәлім етті ведомстводан.

Министрлік ақпаратына сенсек, 23 тамыз сағат 18:00 дейін келіп түскен ақпарат бойынша еліміздегі мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 бензинінің жиынтық қоры - 183,3 мың тонна, ал дизель отынының қоры - 221,7 мың тонна.

Бөлісу: