17 Маусым 2015, 04:01
Қазақстан тек Мальта, Андорра, Сан-Марино және Гибралтар құрамаларын артқа тастап, 54 елдің ішінде 50-ші орыннан көрінген екен.
Сондай-ақ, ЕУРО-2016 іріктеу сындарындағы ұлттық құрамалардың ойынына қарап, 2018 жылы Ресейде өтетін футболдан Әлем чемпионатына іріктеу сындарында өнер көрсететін командалар дәрежесіне қарай себеттерге бөлінді. Қазақстан 6 себетте. Бұл УЕФА құрамындағы ең төменгі көрсеткіштегі ұлттық құрамалардың тобы.
1 себетте: Германия, Бельгия, Нидерланд, Португалия, Румыния, Англия, Уэльс, Испания, Италия/Хорватия.
2 себетте: Италия/Хорватия, Австрия, Словакия, Швейцария, Чехия, Франция, Исландия, Дания, Босния.
3 себетте: Польша, Украина, Шотландия, Венгрия, Швеция, Албания, Солтүстік Ирландия, Грекия, Сербия.
4 себетте: Түркия, Словения, Израиль, Ирландия, Норвегия, Болгария, Фарер аралдары, Черногория, Эстония.
5 себетте: Кипр, Латвия, Армения, Финляндия, Белорусь, Македония, Әзірбайжан, Литва, Молдавия.
6 себетте: Қазақстан, Люксембург, Лихтенштейн, Грузия, Мальта, Сан-Марино, Андорра.
2018 жылы футболдан әлем чемпионаты өтетін Ресейдің қалалары жарияланды.
2018 жылы футболдан әлем чемпионатын өткізуге үміткер 13 қаланың 11 іріктеліп алынды. Осы тізімге : Санк-Петербор, Екатеринбург, Сочи, Қазан, Нижний Новгород, Самара, Ростов-на-Дону, Калининград, Волгоград, Саран және Мәскеу еніп отыр. Ал әлем чемпионаты матчтарын өткізуге ниет білдірген Ярославль және Краснодар қалалары келесі кезеңге өтпей қалды.
Қалаларды салтанатты жариялау рәсіміне ФИФА президенті Йозеф Блаттер, Ресейдің спорт министрі Виталий Мутко, «Ресей -2018» ұйымдастырушы комитетінің бас директоры Алексей Сорокин және ФИФА бас хатшысы Жером Вальке қатысты.
UEFA құрамаларының рейтингі (2015 жылғы 15 маусым):
1. Германия — 40,203 ұпай
2. Испания — 37,163
3. Англия — 35,903
4. Нидерланды — 35,319
5. Португалия — 34,208
6. Франция — 33,599
7. Италия — 32,698
8. Бельгия — 32,652
9. Хорватия — 31,708
10. Украина — 30,874
20. Ресей— 28,525
36. Эстония — 20,129
37. Армения — 19,341
38. Литва — 19,232
41. Әзірбайжан — 17,194
42. Молдова — 17,194
43. Беларусь — 16,819
44. Латвия — 16,804
45. Грузия — 16,006
50. Қазақстан — 12,654.
Әзірлеген: Досжан Мейірім.