Қазақстан шетелдіктер көзімен #4

4 Желтоқсан 2014, 13:23

Құрметті достар! Назарларыңызға "Қазақстан шетелдіктер көзімен" фотоайдарының төртінші жарияланымын ұсынамыз!

Құрметті достар! Назарларыңызға "Қазақстан шетелдіктер көзімен" фотоайдарының төртінші жарияланымын ұсынамыз!  Қазақстанға серуендеп келген не елімізде тұрып жатқан шетел азаматтарының интернет желісіне салған қызықты суреттерін аптаның сейсенбі және жұма күндері жариялап отырамыз.

ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізуі ресми мәлімденгеннен кейін, оның туын тапсыру шарасын өткізу барысында әлемге белгілі азиялық әнші  Араш (Arash) арнайы қонақ болып шақырылды. Әнші өзінің инстаграм аккаунтына концерттен үзінді салып, Астана жұртшылығына ризашылығын білдірді.

Ал келесі суреттер Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушысы Иэн Нисбеттің фэйсбук парақшасынан. Иэн оқушыларының дарынды әрі сыпайы, ақылына көркі сай екендігін әрдайым жазып отырады. «Мен осындай оқушыларым барына мақтанамын»- дейді мұғалім.

 Иэннің шетелдегі профессор достары еліміздегі дарынды балалармен жұмыс істеуге қызығушылық білдіреді.

Иэн мырза мен әлеуметтік желідегі достарын елордамыздың қайталанбас архитектурасы таң қалдыруда

Өзіңіз көріп тұрғандай, Иэн еліміз туралы жағымды пікір қалыптастыруға зор үлесін тигізуде. Питер деген досы қазақ балаларының келбеттілігі мен дарындылығына тәнті болды.

Ал бұл сурет найробиялық Патрик есімді мұғалімнің фэйсбук парақшасынан. Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушысы. Оюмен бейнеленген ақ бас киім өзіне керемет жарасып қалған.

Фотоайдардың бірінші, екінші, үшінші бөлімдерімен осы сілтемелер арқылы таныса аласыздар 

Айгүл ШЕРНИЯЗОВА

Фото: Instagram, Facebook

Бөлісу: