Қазақстан шетелдіктер көзімен #3

12 Қараша 2014, 05:30

Құрметті достар! Назарларыңызға «Қазақстан шетелдіктер көзімен» фотоайдарының үшінші жарияланымын ұсынамыз!

Құрметті достар! Назарларыңызға "Қазақстан шетелдіктер көзімен" фотоайдарының үшінші жарияланымын ұсынамыз! 

2013 жылдың шілде айында елордамыздың туған күнін тойлауға әлемдік эстрада жұлдызы Nicole Scherzinger арнайы қонақ болып шақырылды. Facebook-тегі әлеуметтік парақшасында Қазақстанға келгеніне қуанышты екенін білдірді.

Наурыз мерекесін тойлау барысында Гаррет Штамп Елбасы Н.Назарбаевпен қазақ және орыс тілдерінде әңгімелескен екен. Президент рахмет айтып, Гаррет мырзаға ризашылығын білдірген.

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушысы Гаррет мырза Хан Шатыр ойын сауық орталығында өткен Гиннес рекордтар кітабына енуге дайындалған бесбармақтан ауыз тиген. Қазақ тілінде телеарналарға сұхбат берген екен.

Гаррет пен оның досы Ричардтың осындай әдемі жейделері бар екен.

Қазақ халқының той тойлауы өзге халықтарға ұқсамайтынына куә болды

Астана қаласында көктем айларында өткен әйгілі қазақстандық пианист Денис Мацуевтің концертіне қатысып, өнеріне тәнті болған.

Дженнифердің әкесі бірінші рет құрттың дәмін татуда

Дженнифер дәріс беретін студентінің анасы оған осындай қызықты әрі пайдалы кітаптарды сыйға тартқан екен. Осылай шетелдік профессор халқымыздың салт дәстүрімен танысуда.

Міне осындай қызықты таңбалануды көріп, инстарграм парақшасына салған

Ал бұл музыкалық аспаптар профессор ханымның жолдасының кішігірім коллекциясы. Домбыра тарту өнерін меңгеруде екен.

Профессор Гаррет Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің енді ғана іргетасы қаланған кезінде болып қайтқан. Алған әсерімен өзінің фэйсбук парақшасында бөліскен.

Жаклин есімді шетелдік қонағымыз 6 жыл бұрынғы сапарын естелік ретінде өз парақшасында бөлісті

Айгүл ШЕРНИЯЗОВА

 Фото: Instagram, Facebook

Бөлісу: