11 Қараша 2014, 05:15
Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға «Қазақстан шетелдіктер көзімен» атты фоторубрикасын ұсынамыз. Қазақстанға серуендеп келген не елімізде тұрып жатқан шетел азаматтарының интернет желісіне салған қызықты суреттерін аптаның сейсенбі және жұма күндері жариялап отырамыз.
2014 жылдың 30 мамырында Астана төрінде «Денис Тен және достары» атты мұз шоуы болып, оған мұзда сырғанау бойынша әлем жұлдыздары қатысты. Атап айтқанда, Сочи олимпиадасының чемпиондары ресейлік Максим Траньков пен Татьяна Волосожар, Ванкувер олимпиадасының чемпионы Эван Лайсачек, әлем чемпиондары Мао Асада, Дайсуке Такахаси, Каролина Костнер.
Денис Теннің досы Дайсуке Такахаси Астана қаласының архитектурасына тәнті болды.
2014 жылдың шілде айында елордамыздың туған күнін тойлауға әлемдік эстрада жұлдызы Akon арнайы қонақ болып шақырылды.
Әншінің айтуынша, Астана әлемнің ең әдемі қалаларының бірі. Ол сондай-ақ қаланың 16 жылда салынғандығына таңданыс білдірді.
Akon-ға қазақ салт-дәстүрі мен мәдениетін де ұнаған екен, ол бұл туралы instagram желісінде жазып отырды.
Әнші қазақ жұртының қонақжайлылығын да атап өтті.
Назарбаев Университетінің оқытушысы Брэт Крейг те әлеуметтік желілерде Астана қаласына қатысты өз пікірін білдірді.
Қазақ халқы профессорды әрдайым таң қалдыруда.
Брэт Крейг лифт ішінде қазақ халқының салт-дәстүрі жазылған плакатка тап болған. Адамдар керек емес дүниелерін сатып жатыр деп ойлап, instagram-да түсіндірмесін сұраған. Осылайша, университет оқытушысы қандастарымыздың көмегімен еліміздің дәстүрімен танысуда.
Бір қызығы, Брэттің кішкентай қызының сүйікті тағамы бесбармақ екен. Мына асты сол қыздың туған күніне анасы арнайы даярлапты.
Күнделікті өмірден үзінді.
Ал бұл суреттер Астана күніне орай Париж қаласында ұйымдастырылған көрме алаңында түсірілген.
Жексенбі күні 28 панфиловшылар паркі Алматы қаласының жүрегіне айналады.
Озчан: «Бәйтерек. Астана. Қазақстан. Президент елорданы экономикалық орталық етіп белгіледі. Өмірді шет елдерден іздемей, өз отаны ішінде құру керек» - деген пікір жазыпты.
Рубриканы жүргізуші: Айгүл ШЕРНИЯЗОВА, фото: Instagram