Қазақстан шекарадағы халықаралық өткізу бекеттерін қайта ашады

11 Шілде 2022, 18:28 1980

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады

ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ресей Федерациясымен және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекара арқылы 12 автомобиль өткізу пунктінің жұмысына тыйым салуды алып тастау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды El.kz

2022 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес мынадай автомобиль өткізу пункттерінің жұмысы қайта басталады:

-  Ресей Федерациясымен шекара арқылы (Қондыбай, Ақбалшық, Қызылжар, Найза, Жезкент, Байтанат, Қоянбай, Орда, Шаған, Қарашатау);
- Өзбекстан Республикасымен (Целинный және Сырдария) шекара арқылы.

«Бұл ретте, ел тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға уақытылы коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациядан және ревакцинациядан өтуді ұсынады», - делінген хабарламада.

Бөлісу: