25 Қаңтар 2016, 09:01
«Құрметті сайлаушылар!
Сіздің нақты сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады. 27 қаңтардан кешіктірмей, сайлау учаскелерінің шекаралары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Егер Сіз өзіңіздің тұрақты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болсаңыз, Сіз 18 ақпаннан кешіктірмей, уақытша болатын жеріңіздегі әкімдікке сайлау күні өзіңіз дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Сізді енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылысыз.
Өзіңіздің елді мекеніңізден тысқары жерге кететін жағдайда, Сіз 4 наурыздан бастап 19 наурыз күнгі сағат 18:00-ге дейінгі кезеңде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша сайлау учаскесінде алып, кез келген сайлау учаскесінде дауыс бере аласыз. Бір елді мекеннің шегінде дауыс беру үшін есептен шығару куәліктері берілмейді.
4 наурыздан бастап Сізге өзіңіздің сайлау учаскеңіздегі сайлаушылар тізімінде өзіңіз туралы деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі беріледі.
Сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі
Егер сайлау күні Сіз денсаулығыңыздың жағдайына немесе отбасының сырқат мүшесін күтуіңізге байланысты, сондай-ақ сайлау учаскесі құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын ауданда болғандықтан, сайлау учаскесіне келе алмайтын болсаңыз, Сіз учаскелік сайлау комиссиясына «үйде» дауыс беруді ұйымдастыру туралы өтініш жасауға құқылысыз.
Өтініштер 20 наурыз күнгі сағат 12:00-ге дейін қабылданады.