14 Қазан 2014, 11:51
13 қазан күні Қазақстанның футбол құрамасы Чехия Республикасының құрамасымен кездесіп, 2-4 есебімен жеңіліп қалды. Бұл нәтиже белсенді интернет-пайдаланушылар арасында екі жақты пікір тудырды. Біреулер бұл ойынды құраманың жетістігі десе, екіншілер жеңілістің аты жеңіліс деген, УЕФА-ға кіргенімізге 13 жыл болса да әлі жеңіліп келеміз деп баға беріп жатты. Біреудікі дұрыс, біреудікі бұрыс деп айту дәл осы жағдайда өте қиын, әр тараптың өз айтары бар, өз аргументтері бар. Бастысы белгілі бір пікір айту үшін ойынды көру қажет. Алайда ойынды тамашалаудың да өзіндік түрлері бар: біреулер теледидардан көреді, біреулер стадионға барып жан-тәнімен құрама жігіттеріне қолдау көрседі.
Ойынды телеарнадан көру бөлек, стадионнан көру бөлек. Әрине әрбір адамның стадионға келу мүмкіндігі жоқ, дегенмен стадиондағы эмоция мен драйв мүлдем бөлек. Осыған орай Ел.кз редакциясы стадиондағы ойын атмосферасы туралы арнайы фоторепортаж әзірледі.
1. Футболшылардың естелікке суретке түсуі.
2. Қазақстан жанкүйерлері.
3. Чехия құрамасының жанкүйерлері.
4. Жалпы ойынның жанкүйерлері.
5. Ойынға ұлттық құрамалардың жанкүйерлерінен бөлек жекелеген клубтар мен ойыншылардың фанаттары да келді. Мына суретте, Челси клубы мен Чехия құрамасының қақпашысы Петер Чехтың фанаттары. Олар Чехтың Челси клубынан кетпеуін сұрауда.
6. Ойында Түркияның «Трабзонспор» футбол клубының жанкүйерлері де болды.
7. Әлемдік деңгейде танымал футбол жұлдызы Петер Чехтың допты тосып алу сәті.
8. Қазақстан құрамасы тарапынан ерекше ойын көрсеткен Бауыржан Исламхан. Чехия құрамасының бас жаттықтырушысы Павел Врба ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында «Қазақстан құрамасынан кімді атап өтер едіңіз?» деген сұраққа «9 нөмірлі ойыншы» (Бауыржан Исламхан) деп айтты.
P.S. Тақырыптағы сұрақтың талқылануын пікір қалдыру арқылы жалғастыруға болады.