Қазақстан мұнай өндіру көлемін ұлғайтады

30 Маусым 2022, 21:25 1920

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің жиыны өтті

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіру көлемін арттырады, деп хабарлайды El.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің жиынына Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты. Отырыс барысында мамыр айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін тамыз айына тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Қазақстанның тамыз айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,706 млн баррельді құрайды.

Бөлісу: