Қазақстан грек-рим күресінен әлем чемпионатында екінші медалін жеңіп алды

28 Шілде 2022, 11:37 2227

Юсуф Ашрапов 60 келіге дейінгі санатта жетістікке жетті

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Италиядағы U17 әлем чемпионатына екінші медальмен марапатталды, – деп хабарлайды El.kz порталы  Olympic.kz сілтеме жасап.
Юсуф Ашрапов 60 келіге дейінгі санатта жетістікке жетті. Үшінші орын үшін айқаста оған ирандық балуан Абольфази Миршакар қарсы тұрды.
Жанберіс күресте Юсуф Ашрапов айласын асырды. Ол бір ұпай айырмашылығымен жеңді-11:10.
Бұл марапат осы әлем чемпионатында қазақстандық команданың екінші жүлдесі. Бұған дейін қоланы Арсен Жұма жеңіп алған болатын.


Бөлісу: