Қазақстан еркін күрестен әлем чемпионатын 2 алтын медальмен аяқтады

1 Тамыз 2022, 10:35 2107

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады

Римде (Италия) еркін күрестен U17 әлем чемпионаты аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан командасының қоржынында екі алтын медаль бар, деп хабарлайды El.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің соңғы күні 92 келіге дейінгі салмақта үздік атанған Камил Куруглиев тұғырдың бірінші сатысына көтерілді.

Бұған дейін Алтын медальмен Дарын Әскербек (55 келіге дейін) марапатталған болатын. 

Командалық есепте Қазақстан алтыншы орында.

Бөлісу: