Қазақстан және Иран арасындағы тауар айналымы артады

5 Қазан 2022, 18:42 1195

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті

Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Иранның сыртқы істер министрінің орынбасары Махди Сафаримен екі елдің мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру аясында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымының көлемін $3 млрд-қа дейін, оның ішінде агроөнеркәсіп кешені саласында $1 млрд-қа дейін ұлғайту мүмкіндігіне баса назар аударылды. 

Келіссөз нәтижесінде жақын арада Иранның ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары бастаған карантин және ветеринариялық сертификаттар саласындағы ирандық сарапшылар іс-қимылдың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу үшін Қазақстанға келетіні туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бөлісу: