Қазақстан тауары Парсы шығанағының нарығына шықпақ

10 Қыркүйек 2022, 03:25 1228

Парсы шығанағы елдерінің халқы - 833,3 миллион адам.

Қазақстандық тауарлар павильоны футболдан әлем чемпионаты қарсаңында 10-12 қазанда Дохада өтетін Qatar Foodex тамақ өнеркәсібі көрмесінде ұсынылады, деп хабарлайды EL.KZ Сауда министрлігіне сілтеме жасап.

Qatar Foodex - Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс елдерінің нарығы үшін ең ірі көрме оқиғасы.

Парсы шығанағы елдерінің халқы - 833,3 миллион адам.

Таяу Шығыс елдерінің халқы шамамен 400 миллион адамды құрайды.

Qatar Foodex алаңындағы қазақстандық павильон тауарлар көрмесі мен маркетке бөлінеді, мұнда келушілер бірден ет және ет өнімдерін, жартылай фабрикаттарды, нан – тоқаш, кондитерлік, сүт өнімдерін, консервілерді, ұнды, балды, сусындарды және т.б. сатып ала алады.

Қазақстандық павильондағы стендтерді 25 қазақстандық компания ұсынады. Тағы бірнеше ондаған компания нарықта таныстыру үшін mаde in Kazakhstan өнімінің 500-ден астам атауын Катарға жібереді.

Qatar Foodex көрмесі аяқталғаннан кейін Қазақстанның халал өнімдерінің жылжымалы маркеті ашылады деп жоспарлануда - барлығы 1000-нан астам атау. Бірінші болып үш апта бойы нарыққа өз алаңын Катардың бөлшек сауда ритейлінің көшбасшыларының бірі - Lulu гипермаркеттер желісі ұсынады. Сондай-ақ, Ритейлер қазақстандық азық-түлік өнімдерін жеткізушілермен ұзақ мерзімді негізде ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

Qatar Foodex көрмесіне қатысуға ниет білдірген компаниялардан өтінімдер қабылдау жалғасуда. Қатысуға тамақ өнеркәсібінің қазақстандық өндірушілері шақырылады.

Катардағы бизнес-делегацияны ұйымдастырушылармен хабарласуға болады: Қазақстанның сауда кәсіпорындарының қауымдастығы, «World Halal Trust» UAB және «Bal Halal» ЖШС.

Өтініштер WhatsApp нөміріне де қабылданады: +7 777 085 98 43 Бесбай Алия

Qatar Foodex-те қазақстандық павильонды ұйымдастырушылардың хабарлауынша, трейдерлер тарапынан Made in Kazakhstan өнімінің күтілетін көрмесіне қызығушылық жоғары: Катар мен өңірдің басқа да елдерінен 600-ден астам компания қазақстандық павильонға баруға қызығушылық танытты.

Қазақстандық азық-түлік тауарларының жоғары бәсекеге қабілеттілігі олардың тамаша сапасын, экологиялылығын және халал сертификатының болуын қамтамасыз етеді.

Қазақстанда Халал өнімдерін сертификаттауды жүргізу құқығына БАӘ халықаралық аккредиттеу орталығы аккредиттеген Қазақстан стандарттау және метрология институтының зертханасы ие. Осы зертхана берген Сертификат Парсы шығанағының барлық араб мемлекеттерінің аумағында: Бахрейнде, Катарда, Кувейтте, БАӘ, Оманда, Сауд Арабиясында танылады.

Қазақстандық өнімді Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс өңіріне экспорттаушылар мемлекеттік қолдау шараларының кең спектріне ие болады. Атап айтқанда, логистика (құрлықтағы, құрамдастырылған және авиамаршруттар) мәселелерін пысықтауға көмек көрсету, сондай-ақ жеткізуге, көрмеге қатысуға, маркетингке және осы нарықтарда ілгерілетуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу.

EL.KZ
Бөлісу: