Қазақстан Пәкістанға гуманитарлық көмек көрсетеді

31 Тамыз 2022, 17:50 946

Ресми мәліметтер бойынша, Пәкістанда табиғи апаттан 1033 адам қаза болды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі Пәкістан Ислам Республикасына адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарын жою үшін $400 мың мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл мәселе Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі комиссияның отырысында қаралды.

Ресми мәліметтер бойынша, Пәкістанда табиғи апаттан 1033 адам қаза болды, оның ішінде 343 бала бар, сондай-ақ тұрғын үйлер мен инфрақұрылым қирады. Шамамен 35 млн адам баспанасыз және азық-түліксіз қалды.

27 тамызда Пәкістан Премьер-Министрі Ш. Шариф халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады.

28 тамызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне су тасқыны салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.

Бөлісу: