Қазақстан мен Ватикан ынтымақтастықты тереңдету туралы келісімге қол қойды

14 Қыркүйек 2022, 11:06 1226

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланды

Қазақстан мен Ватикан ынтымақтастықты тереңдету туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды El.kz.  Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланды

 Рим Папасы Францисктің Қазақстан Республикасына мемлекеттік (апостолдық) сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қасиетті Тақтың мемлекеттермен қатынастар жөніндегі хатшысы архиепископ Пол Ричард Галлахер 1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара қатынастар туралы келісімге елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағытталған қосымша келісімге қой қойды.

Тараптар конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілетудің маңыздылығын ерекше атап өтіп, бұл әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады, оның VII отырысына Рим Папасы Франциск бастаған Ватикан делегациясы қатысады.

Бөлісу: