Қазақстанда дүниежүзілік спорттық шара өткізуге лайық "Барыс Арена" және "Алматы Арена" секілді екі ірі нысан бар.
Әлем чемпионатын өткізуге үміткер елдер алдағы айларда егжей-тегжейлі жоспар әзірлеуі керек. Жоспарды дайындап болған соң оны Халықаралық хоккей федерациясына ұсынады.
Жеңімпаз елдің аты 2023 жылы Финляндияда федерацияның жыл сайынғы конгресінде жарияланады.