Қазақстан Халық партиясы Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды

1 Қыркүйек 2022, 14:49 4261

Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлім етті

Қазақстан Халық партиясы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына бүгін жолдаған Жолдауында жарияланған саяси өзгерістерді толық қолдайды, деп хабарлайды El.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл - Жаңа Әділетті Қазақстан құрудың берік іргетасын қалайтынына шын жүректен сенеміз. Референдумнан кейін Партия мерзімінен бұрын Парламент Мәжілісінің сайлауын өткізуді қолдады. Біз саяси бәсекелестіктің күшейгенін және саяси партиялар санының артқанын құптаймыз.

Қазақстан Халық партиясы сайлауға дайын, жеңіске жетуді және халық сенім артатын Үкімет қалыптастыруды жоспарлап отыр. Халықтың қолдауына ие басқарушылардың жаңа толқыны Президент Жолдауында айтылған әлеуметтік-экономикалық реформаларды тиімді жүзеге асыратынына сенімдіміз. Кезектен тыс Президент сайлауында, біз бұрын мәлімдегендей, қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз», - делінген хабарламада.

Бөлісу: