Қазақстан халқының бірлігі күні

1 Мамыр 2018, 12:54 1386

1 мамырда Алматы қаласында «Қазақстан халқының бірлігі күнін» мерекелеу өтті. Тойлау аясында Республика аланыңда этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының, бишілер мен әншілерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Мереке барысында әрбір этномәденибірлестік өзінің ұлттық мәдениетін, дәстүрін, көрсетті, түрлі көрмелер ұйымдастырылып, шатырлар тігілді. Көрмелерге қойылған ұлттық костюмдер, қолданбалы декоративті қолөнер бұйымдары, музыкалық аспаптар ерекше көз тартады. Көрермендер үшін шеберлік сыныптары да ұйымдастырылған. Мерекелеу аясында Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына этномәдени бірлестіктерден, өзбек мәдени орталығының палауы секілді, түрлі ұлттық тағамдар берілді.

Сонымен бірге, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын қала әкімі Бауыржан Байбек құтықтады.

«Қазақстан халықтарының Бірлігі күні Ұлы даланың көп ғасырлық дәстүрлі рухы – ашықтықты, мейірімді, толенранттықты, қонақжайлылықты паш етеді. Осынау дәстүрлер ғасырлар бойына біздің мегаполистің қайталанбас рухын қалыптастырды, айрықша сипатқа бөледі. Міне, мың жылдан бері Алматы түрлі мәдениеттің, діннің, тілдің өзара үндескен қасиетті мекеніне айналды. Сондықтан Алматыны мың бояулы қала деп текке айтпаса керек. Түрлі ұлт пен дін өкілдерінен құралған алматылықтар бүгінгі күні бірге өмір сүруде, еңбек етуде және әр мерекені бірге атап өтуде. Біз осынау баға жетпес байлықты сақтауға және одан әрі дамытуға тиіспіз», - деді Бауыржан Байбек.

Соған қоса, мерекелік серуен қайта жаңарған Панфилов пен Жібек жолы көшелері бойында да өткен. Осы көшелерде қала тұрғындары мен қонақтары үшін қазақ эстрадасы жұлдыздары мен мегаполистің этномәдени бірлестіктері ұжымдарының қатысуымен мазмұнды музыкалық бағдарлама және мегаполистің этномәдени өкілдері бірлестіктерінің өзіндік мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстыратын концерттер дайындалған.

Бөлісу: