Қазақстан Германияға ҚР азаматтарына виза беру тәртібін жеңілдетуді ұсынды

27 Мамыр 2019, 09:31 4374

Қазақстан мен Германия этникалық немістерге қолдау көрсету бойынша жұмысты жалғастырып, олардың этномәдени бірегейлігіне жағдай жасайды. Бұған Қазақстанда тұратын этникалық немістердің мәселесі жөніндегі қазақстандық-герман үкіметаралық комиссияның кезекті 17-ші отырысының қатысушылары қол жеткізді.

Қазақстан тарапынан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, неміс тарапынан Федералдық үкіметтің қоныс аударушылар және аз ұлт істері жөніндегі өкілетті уәкілі Бернд Фабрициус төрағалық етті.

Қазақстандық дипломат Қазақстандағы 200 мыңдай адам құрайтын неміс диаспорасының және ГФР-дағы 900 мың бұрынғы отандастардың екі ел арасындағы «жанды көпір» құрайтынын және Қазақстан-Германия қарым-қатынастарының перспективалы дамуының кепілі екенін айтты.

Кездесу барысында Комиссия Қазақстан Республикасындағы неміс қоғамдастығының мәдениет және білім беру салаларынан бастап, соның ішінде елдің мектептері мен жоғары оқу орындарында неміс тілін кеңінен зерттеуді қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызметке жағдай жасауға дейін бірқатар мәселелерді қарады. Тараптар Қазақстанның неміс ұлты азаматтарының еліміздегі негізгі тұрғылықты жері ретінде сақталуының маңыздылығы туралы жалпы түсінікке ие.

Б. Фабрициус Қазақстандағы этникааралық, мәдениет және конфессияаралық түсіністік пен толеранттылық саясатын жүйелі және мақсатты түрде жүргізудегі қазақстандық тәжірибенің бірегейлігін атап өтті. «Қазақстан – түрлі ұлттар бейбіт өмір сүретін көпұлтты мемлекет. Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен еңбегі», - деп тұжырымдады неміс саясаткері. Сонымен қатар, ол неміс диаспорасына қолдау көрсетіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясына өзінің ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде «Возрождение» қазақстандық немістер қауымдастығы» қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау 2018 жылғы Комиссияның отырысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуы барысы туралы хабарлады.

2018 жылы қазақстандық немістердің мүдделерінде жастар, этномәдени, тілдік, білім беру, әлеуметтік салаларында 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалаларда 675-ке жуық жобалар ұйымдастырылып, өткізілді. 173 мектептерде 11 мыңнан астамоқушылар неміс тілін шет тілі ретінде оқиды. Ол Қазақстан немістерінің ұлттық бірегейлігін сақтаудың негізгі мәселелерінің бірі неміс тілінің дамуын ерекше атап өтті.

Отырыстың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан азаматтары үшін виза тәртібінің жеңілдетуі болды. 2017 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан 45 мемлекет, соның ішінде Германияның азаматтары үшін виза тәртібін біржақты алып тастағаны айтылды. Бұл қоныс аударушыларға Қазақстандағы жақындары мен туған-туыстарына жиі келіп тұруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты неміс әріптестерге Қазақстан азаматтарына виза беру тәртібін жеңілдету мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш білдірілді.

Қатысушылар екі елдің экономика және дуалды білім беру салаларындағы ынтымақтастығын талқылады. Қазақстандағы неміс диаспорасы белсенді түрде қатысатын экономиканың аграрлық секторындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуеті атап өтілді.Қатысушылар екі елдің экономика және дуалды білім беру салаларындағы ынтымақтастығын талқылады. Қазақстандағы неміс диаспорасы белсенді түрде қатысатын экономиканың аграрлық секторындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуеті атап өтілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстандағы этникалық немістерге қолдау көрсету бойынша іс-шаралар мен жобаларды көздейтін бірлескен Коммюникеге қол қойылды. Комиссия 1996 жылғы мамыр айында қол қойған екі ел арасындағы Қазақстан Республикасының неміс ұлты азаматтарына қолдау көрсету ынтымақтастығы бойынша Келісіміне сәйкес құрылды. 

mfa.gov.kz

Бөлісу: