27 Тамыз 2014, 22:25
Бұл күндері адамдардың сөйлесетін тілдерінің түбі мұнарланған сағымдай алысқа барып жоғалады. Қанша қадалып қарасақ та, көзіміз оған жетпейді. Қай тілдің де болса қайдан шығып, қалай ғұмыр шеккенін ешкім анық білмейді. Тілдің ғұмыры ұзақ. Оның жолы жылдап емес, жүз жылдап емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзын ғұмырының ішінде түрлі нəрселер себеп болып, өзгерілмеген тіл жоқ: я азып өзгерілген, я асып өзгерілген, ел бұтақтап өскен сайын, тіл де бұтақтаған. Біздің түрік тілі əуелде бір тіл болып, сонан соң ел бұтақтап, өскенде, тіл де бұтақтаған. Түбірі бір болса да, түрі басқаланып түрік тілінің арасына тарау-тарау жік түскен. Сондықтан бұл күнде неше бұтақ түрік тұқымынан ел болса, сонша тарау тілінде басқалық бар. Тілідің басқалануына себеп болған – əр түрлі бөтен жұрттармен сыбайлас болып ара- ласқандықтан. Түріктің балалары өсіп, алды-алдына тарап əр түрлі халықпен сыбайлас болған, араласқан түрлі жұрттың түрлі тілінің түрік тіліне жат сөздер, жат дыбыстар кірісіп, тіл арасының бірте-бірте жігі ұлғайған, мақсұт – сол жікті бітеп жалғау болса, оған түзуді қисық деп, дұрысты қате деп қыңыр жолмен кірмей, тура жолмен келу керек. Шөнки дұрыс пен қатені, қисық пен түзуді айыруға жаратқан көкіректе көз бар. Қате қайда, дұрыс қайда – қаралық. Дұрыс емле менен қате емлені айыруға менің ойымша бұлай қарау керек шығар деймін: тіл табиғатына қарай емлені ыңғайлау ма? Жоқ, емле түріне қарай тілді ыңғайлау ма? Мен ойлаймын, емле – жазу үшін шығарған нəрсе, жазу – тіл үшін шығарған нəрсе. Олай болса тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек. Тілдің табиғатына қарамай зорлап, емлеге таңып байласақ, қытай қатындарының аяғы болып шығады. Түрік тілінің бəріне хомуми емле болу керек десек, түріктің қай баласында азбаған тұнық тіл, түзу емле болса, соны аларға керек. Асыл тіл, түзу емле қазақта боларға тиісті. Неге десек: ата кəсібін тастамай істеп келе жатқан – қазақ. Басқа жұртқа араласпай, өз алдына оңаша, оқшау жүрген – қазақ. Жат жазудың ыңғайына қарап, басқалардан тілін бұзуға, арасына жазу жайылмаған түрік баласы – қазақ.
…Сырттан бірен-саран жат сөздер келсе, оны жаншып кеміріп, өз тілінің қалпына түсіріп алған – қазақ. Жат жұрт- тың шалығы тимесе, жазу шалығы тимесе, кəсібі, ғұрпы өзгерілмесе, жалғыз тіл өзгерілді деп айтуға тіпті жол жоқ. Қазақтың тілі өзгерген тіл деп айтуға жол жоқ болса, емлесін де қисық деп айтуға жол жоқ: қазақта тілінің табиғатына хилаф келетін емле жоқ. Еділден бастап Ертіске дейін, Оралдан бастап Ауғанға шейін қазақта тіл де бір, емле де бір. Қойшы, түйеші, биеші емлесі деген қазақта жоқ нəрсе. Тоқсандағы шалының, тоғыздағы баласының – бəрінің емлесі біреу-ақ, ол емлесі дұрыс па, қисық па, қаралық.
Ең əуелгі біздің қисық көрінетін емлеміз «-лер» орнына «-дер», «-тар», «-лар» (жіңішке сөздерде «-дер», «-тер», «-лер») деп жазғанымыз. «Үш түрін жазғанмен, «лар» деп бір-ақ түрін жазса болмай ма?» деген. Бұл дұрыс болар еді, егерде сөздің бəрінің аяғы дауысты дыбыспен я жарты дауысты дыбыспен біте берсе. Сөздің аяғы дауыссыз дыбыспен де бітетін жері болады, һəм сондай жерде қазақта «лар» орнына «дар» я
«тар» жазылады. Дауыссыз дыбыстан соң да «лар» жазсақ, болмай ма деген сөз, мəселен, «қараймын», «сөйлеймін» деп жазған соң, «бараймын», «бираймын» деп жазсақ болмай ма деген сықылды, я болмаса «малдай», «малда» деп жазған соң «малындай», «малында» деп жазбай – «малыдай», «малыда» деп жазсақ болмай ма? деген сықылды. Сондай-ақ «балалар»,«аналар», «аталар» деген сөздер «лар» мен жазылады деп «маллар», «нанлар», «атлар» деп жазу керек деген сөз «бараймын», «бираймын», «малыдай», «малыда» деп жазу керек дегенмен бірдей. Сөздің ұшығы бірде дауысты дыбысқа тіркеледі, бірінеде дауыссыз дыбысқа тіркеледі. Дауысты, дауыссыз дыбыстың ауанына қарай сөздің ұшығы да өзгеріледі. Қазақ бұл екі орнын да айырады. Тіл табиғатынан қарағанда қазақтың солай істеуі дұрыс: «мал» – «малдай» дегенде («н») жоқ; «малы» – «малындай» дегенде «н» неге қосылады? Əрине, «малы» деген сөздің аяғы дауысты дыбыс болғандықтан қосылып тұр. «Малы» дегеннен шыққан ұшықтарды «мал» дегеннен шыққан ұшықтармен бірдей істеу керек десек, тіл табиғатына дұрыс келе ме? Сондай-ақ «бала», «ана», «ата» һəм «мал», «нан», «ат» деген сөздердің бəріне де «лар» бірдей болу керек деген емес. Қазақта жазу-сызу болмаған соң, жалғыз-ақ табиғаттың законына ерген; сондықтан тілі азбаған. Өзгелер табиғатты зорлап, емлеге таңып, тілін аздырған. Мəселен, «малдар» деп айтып көріңіз, «маллар» деп айтып көріңіз. «малдар» дегенде тілде кідіріс жоқ, тек жеңіл өте шығады. «Маллар» дегенде тертеге оралған шыбыртқыдай тілімізді қайтып алуымыз қиын. Бұл орынсыз жерде тұрған «л»-дың айтуға кемшілігі, естуге кемшілігі тағы бар. «Малдар» дегенде тіліміз таңдайға тірелмей, тиіп кəнə өтеді, «маллар» дегенде тіліміз таңдайға тіреліп, аузымыздың қуысын бітеп тастайды. Қамаудағы дыбыс пен ашықтағы дыбыс екеуі бірдей болмайды. Ашықтағы дыбыс ашық, көркем шығады. Қамаудағы дыбыс ажарсыз шығады.
Дұрыстыққа салып тура көзбен қарағанда, тіл турасында күйінерлік іс қазақта емес, басқа түрік балаларында. Ашық дыбыстары [н] көмескі дыбыстарға, көркем дыбыстары [н] ажарсыз дыбыстарға алмастырып, тілдің сиқын бұзып, сынын кетірген басқа түріктер. Дауысты дыбыстардың ашық я көмескі болмағы – ауыздың көп я аз ашылуынан болады. ауыз көп ашылғанада шыққан дыбыс ашық болады, ауыз тарылғанда шыққан дыбыс тұйықтау болады. Ауыз еркін ашылғанда шыққан дыбыс «а» барша дыбыстан ашық; сонан соң ауыздың тарылуына қарай екінші дəрежедегі дыбыстар шығады: жəй тарылса «ə» (е), дөңгелектеніп тарылса «ﻭ» (о), онан əрі тарылғанда үшінші дəрежедегі дыбыстар шығады: жəй тарылса «ﻯ» (и), дөңгелектеніп тарылса «ﺆ» (у) дыбыстың ашықтығы қай дəрежеде болса, көркемдігі де сол дəрежеде болады. Сондықтан 1-дəрежедегі я 2-дəрежедегі дыбыстарды үшінші дəрежедегі дыбыстарға алмастырсақ, сөздің де көркі сол дəреже төмен түседі. Сөздің көркі төмендесе, тілдің де көркі төмендейді; жоғары дəрежедегі жыбысты төмен дəрежедегі дыбыстарға алмастырып тілді аздырған кемшілік татар тілінде көп. Мəселен: «ﺍ» (а) дыбысын «ﻩ» (е), «ﻱ» (и)-ге алмастырған,«ﻭ» (о) дыбысын «ﺆ» (у)-ға алмастырған орындар көп. «ﺍ» (а)-ны «и»-ге алмастырған жерлері: «алмай» (алмай) деген сөзді«алмій» (алмій) деп, (е)-ні «ﻱ» (и)-ге алмастырған жерлері:«кет» (кет)-ті «ﻛﻴﺖ» (кит), айт (ейт) «ﺍﻴﺖ» (ит) деп, «ﻭ» (о)-ны (у)-ға алмастырған орындары: ﻗﻮﻞ (қол)-ды ﻗﻮﻞ (қул), ﺍﻭﺕ (от) ﺍﻭﺕ (ут) деп.
Бұлайша тілді бұзуға себеп болған нəрсе – жазу. Араб əліппесіндегі харіптер түрік тліндегі кей дыбыстарға тура келмеген. Ол дыбыстарды жазуға басқа дыбыстардың харіп- тері жұмсалған. Түрік тілінде «ﻭ» (о) дыбысы бар, араб əліп- песінде оған харіп жоқ; түрік тілінде «ﻩ» (е) дыбысы бар, оған тура келетін арабта харіп жоқ. Сондықтан «о» дыбысын «у»-мен жазған, «е» дыбысын «и»-мен жазған. Бұл дыбыстар айтылуынша оқылмай, жазылуынша оқылған. «А» дыбысы «и» дыбысына алмасуына себеп болып, түрік сөздерін де араб емлесімен жазамыз деген, мəселен: қарамай – қарами.
Растыққа жүгінсек, түріктің тұнық тілі, түзу емлесі қазақта. Дұрыс емес деген «-дің», «-ды»-ларды һəм дұрыс деген «-ның», «-ны»-ларды алып қаралық. Мен айтамын: «-ның», «-ны» дұрыс емес, «-дың», «-ды» дұрыс деп. Неге десең: тіл табиғатына қарағанда «-ны» келерге керек дауысты дыбыстар- дан соң, қазақта солай «-ның», «-ны» дауысты дыбыстардан соң келеді. Аяғы дауысты дыбыспен біткен һəм аяғы дауыссыз не жарты дауысты дыбыспен біткен сөздерді алып қарасақ, солай екендігі көрініп тұр. Мəселен:
мал – жарты малдан – жартыдан малдың – жартының малдай – жартыдай малды – жартыны малда – жартыда
Дауысты дыбыстардан дауыссыз дыбыстар көп. Қағида азына қарап емес, көбіне қарап жасаларға керек. Қазақша дауыссыз дыбыстан соң бəрінде «д» кіріп тұр; дауысты дыбыстан соң екі-ақ жерде «н» кіріп тұр, үш орында «д» кіріп тұр. Қағиданы аздан шығармай, көбінен шығаратын болсақ, дауысты дыбыстан дауыссыз дыбыстар көп; «н» келетін орыннан «д» келетін орын көп, қалайша қазақ тіліндегі «-дың», «-ды» дұрыс емес, «-ның», «-ны» дұрыс деп айтамыз.
Онан əрі: «-нан» дұрыс емес, «-ндан» дұрыс деген – о да даулы сөз, табиғатқа салғанда екеуі де дұрыс, жолға салғанда екеуі де дұрыс емес, мəселен:
жол бойынша боларға керек: табиғат қалауынша атасыға атасына
атыға атына
қолыға қолына
Сондай-ақ қазақтың «-нан» етіп айтуға»: табиғат қалауынша: қазақтың табиғат тартуынша: жол бойынша:
атасы |
атасындан |
атасынан |
аты |
атындан |
атынан |
қолы |
қолындан |
қолынан |
деп айтылады. Табиғатына қарамай, жолға түсіру керек болса:
«атасына» демей, «атасыға» деп жазу керек, «атасынан» демей,
«атасындан» деп жазу керек. «Атасыға» деп жазған татарларды көрмеген соң, біз де «атасынан» деп жазып жүрміз.
Бұлардан басқа пысық көрінетін: «ма», «ме» орнына «ба»,
«бе» жазғанымыз; «ш» орнына «с» жазғанымыз. Бұларды қазақ айтады: солай айтылатын болған соң, солай һəм дейміз.
Османылар «бін» дейді, біз «мен» дейміз, османылар «уар» дейді, біз «бар» дейміз; османылар «дағ» дейді, біз «тау» дейміз. Осы сөздердің қайсысы дұрыс? Османыларға сендердің «бін»,
«уар», «дағ» дегендердің дұрыс емес, «мен», «бар», «тау» деп жазу керек дейміз, жөн бе? Сол сықылды ба, бе дұрыс емес, ма, ме дұрыс деп айтудың жөні жоқ. Солай: ма, ме, яки ш жазса да түсінер; ол бірақ қазақша болмас. Татарлар неге «атасыға»,
«атасыдан», «атасыдай» деп жазбай, «атасына», «атасынан»,
«атасындай» деп жазады? Атасыға – атасынан – атасыдай деп жазса, түсінбес пе? Əрине, түсінеді, бірақ солай жазбайды. Олай жазса татарша болмайды. Қазақ та солай: -ның, -ны, -лар, -лық, -лы орынсыз жерлерде келсе, ол сөз қазақша болмайды; жөнге тілдің өзі табиғаты тартуынша əрқайсысын өз орнына қойған. Тілдің өзінің қойған орнынан басқа орынға қойса, онда ол қойғанымыз ол тілше болмайды. Ол тілше болмаған соң, оның түбі ол тілді бұзу, өзгерту болады. Қазақ тілін өзгертіп, татар тіліне қосу болса, онда солай деп ашып айтарға керек. Емлесін қата десек, тастап бізге келер деген ой – қата: ол жақсы мен жаманды, қисық пен түзуді айырарлық қазақта көз жоқ дегендік болады.
Егер де Гаспиринскийдің сөзін тірілтеміз десек, ұлығ іс үшін ұсақ намысты қойып, түріктің тұнық тілін, түзу емлесін алу керек. Сол екеуі де қазақтан табылады. Азбаған асыл тілден емле шығарып, соған қарап басқа емлелерді түзету керек.
Ақтығында айтатыным: бұл күнде жазылып жатқан кітап- тарда, газеттерде, журналдарда қазақ тілінде болсын, татар тілінде болсын анықталған қағидалы емле жоқ. Қағида жоқ болған соң, қисық, түзу емле деп айтуға да жол жоқ. Тұтынып жүрген емлеміз сап түзеген солдаттардай болғанша, мұндай сөзді қозғау түзелуімізге себеп болады. Сондықтан бұл сөзді қозғаған Хасан Ғали əфендіге алғыс айтамыз.
«Қырық мысал», «Маса» турасында айтатыным: олар халық үшін жазылған нəрсе, халық айтуынша жазылған. Өз тілімізден шығарып емле түзегенше, халықтың айту ауанынан шықпаймыз. Басқаларда даяр емле бар ғой, соны алайық деп, қисық емлеменен тілімізді қисайтпаймыз. Тілдің ауанына қарамай, харіптің, емленің ауанына бұрып тілдің көркін бұзған, əдеби тілмен жазамыз деп, жат тілмен жазып, өз тілінен айрылған басқа түріктердің ізіне түсіп, тілімізді аздыр- ғанымызды мақұл көрмейміз. «Уақыт» пен «Шора»-ны оқығанда, қолымызға лұғат кітабын алып отырып оқимыз. Ойлаймын, арабша оқымағандардың бəрі де солай оқитын шығар деп.
«Уақыт» пен «Шорада» бастан аяғына шейін арабша сөз аз ба? Соларды лұғатдан іздеп отырып оқығанда, бастан-аяқ оқып шығуға қанша уақыт керек. Егерде нағыз түркі тілімен жазылса, арабша оқымаған адамдарға да лұғатсыз оқуға болар еді; оқығанда уақыты да көп кетпес еді.
Біздің қазақтың ісі жаңа басталып келеді. Не болары белгісіз. Қазақ я құрып жоқ болар, я өз тілімен де өзгелердей тіршілік етер. 20-ншы ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті. Атаның аздырмай берген мүлкін, қолымызға алып быт-шытын шығарсақ, ол ұнамды іс болмас.
«Қазақ» газетасының бас мухаррары: Ахмет Байтұрсынұлы.
«Шора» журналы, 1913, № 4, 110-113-б.
А.Байтұрсынұлы / "Ел - шежіре"