30 Желтоқсан 2015, 03:24
Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты кітабының негізінде El.kz редакциясы Қазақ руларының атауын, ұранын және таңбасын бірыңғай стильде бір суретке салып өз оқырмандарына ұсынады.
Саңғыл руы
Саңғыл — Орта жүз қоңырат тайпасының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша, Саңғыл маңғытай, ағысай, самай, нұрсай, қошқар, қаратілес, тиес деген аталарға бөлінеді. Саңғылдар 1917 жылға дейін Сырдария облысының Түркістан уезінденде, Қаратаудың теріскейі мен күнгейінде, Қозмолдақ, Сызған, Күмісті, Бақырлы, Үштөбе, Жартытөбе, Мыңшұқыр, Шылбыр, Көкіш деген жерлерді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ, Түркістан аудандары) мекендеген. Ноғайқора, Көкшеқұм болыстарын құраған. Ұраны — Мүлкаман, таңбасы жалпы қоңыратқа ортақ ІІ (босаға).
Қазақ халқы руларының ұраны мен таңбасы туралы толығырақ мына сілтеме арқылы таныс бола аласыңыздар.
Суреттің авторы Арман ҚАЛИБЕКҰЛЫ