Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Матай руы

29 Желтоқсан 2015, 11:55

Матай — Орта жүз найман тайпасының құрамына кіретін рулар бірлестігі.

Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты кітабының негізінде El.kz редакциясы Қазақ руларының атауын, ұранын және таңбасын бірыңғай стильде бір суретке салып өз оқырмандарына ұсынады.

Матай руы

Матай — Орта жүз найман тайпасының құрамына кіретін рулар бірлестігі. Шежіре деректері бойынша Матайдан аталық, кенже, қаптағай рулары тараған. Матайлар Шығыс Қазақстан облысы Шар, Қызылсу, Көкпекті, Былқылдақ өзендерінің алқабы мен Шыңғыстау, Жуантөбе, Салқынтөбе тауларының атырабын мекендеген.

Қаптағай ұрпақтары (қыдыралы, құлшан, төртқара, толыбай, төртсары, ақтілес, көлдей, жұмбай, қаржау, бөрте) Лепсі, Қапал өзендерінің және Ақсу, Сарқант, Бүйен өзендерінің алқабын қоныстанған. Ұраны — Қаптағай, Бөрібай. Рулық таңбасы — (бөрі).Қаптағай батырдың – Бөрібай батыр бесінші ұрпағы болса, оның аты шыққан тағы бір ұрпағы ол – Асанның алты ұлының бірі – Сары батыр. Сары батыр болса, ол да Бөрібай батырдың әкесі екендігі және бұл жалғастық ұрпақтардың батырлық жалғасы іспеттес.


Қазақ халқы руларының ұраны мен таңбасы туралы толығырақ мына сілтеме арқылы таныс бола аласыңыздар. 

Суреттің авторы Арман ҚАЛИБЕКҰЛЫ

 

Бөлісу: