Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Ұлы жүз (СУРЕТТЕР)

9 Қараша 2015, 06:32

Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты кітабының негізінде El.kz Қазақ руларының атауын, ұранын және таңбасын бір суретке салып өз оқырмандарына ұсынады.

Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты кітабының негізінде El.kz редакциясы Қазақ руларының атауын, ұранын және таңбасын бірыңғай стильде бір суретке салып өз оқырмандарына ұсынады.  Бұл топтама Ұлы жүз руларына арналады.


Ескерту

Қазақтардың туыстық-қоғамдық қатынастарын дәл анықтайтын нақты тарихи жазба деректор жоқ. Рулық қатынас туралы мәліметтер әртүрлі ақпарат көздерінде кездеседі және кей жағдайда ондағы дәйектер бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Сол себепті кейбір оқырмандарымыз түркітанушы Сәрсен Аманжоловтың жазғандарымен келіспеуі мүмкін, мұндай жағдайда салынған суреттер редакцияның емес, автордың көзқарасы бойынша әзірленгенін ұмытпаңыздар. 

1. Бекболат  

2. Бестамғалы  

3. Ботбай 

4. Дулат 

5. Жалайыр 

 

6. Жаныс  

7. Қаңлы

 

8. Құралас

9. Ошақты

10. Сәмбет

11. Сары Үйсін

12. Сиқым

13. Сіргелі

 

14. Суан

15. Тілік

16. Шанышқылы

17. Шапырашты

18. Ысты


Дизайнер - Арман Қалибекұлы

Бөлісу: