Қазақ мәдениетінің материалды және символикалық құндылығы

11 Қараша 2015, 11:53

Қазақ мәдениетінің материалды және символикалық құндылығы

Ою–өрнекті зерттеуге деген қызығушылық әлемдік ғылымда XVIII ғасыр соңында декордың эстетикалық қызметі мен құрылымы туралы еңбектерден байқалып бастады.

Қазақ шеберлері көп қолданатын ою-өрнек элементтерінің атаулары: аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты ай, күн, жұлдыз, айшық, аймүйіз, құс жолы, жұлдызша, кемпірқосақ т.б. Мазмұны жағынан мал өсіру және аңшылық, жер-су, көшу қону көріністері, күнделікті өмірде кездесетін әр-түрлі заттардың сыртқы бейнесі ұғымдары бойынша бейнеленеді. Д.Шоқпарұлы өрнектерді мағынасына қарай: Ай, күн, жұлдыздарға-көк әлеміне байланысты өрнектер; малға, малдың денесіне, ізіне байланысты; аңға, аңның денесіне, ізіне байланысты өрнектер; құрт-құмырсқаларға байланысты. Құстарға байланысты өрнектер; жер, су, өсімдік, гүл, жапырақ, бұтақ бейнелі өрнектер; қару-құралдарға байланысты өрнектер; геометриялық фигуралар тектес өрнектер деп 8 топқа жіктейді де, жиекті өрнек, гүлді өрнек, торлы өрнек, геометриялық өрнек, көкөністі өрнек, зооморфты өрнек деп 6 нақышқа бөледі.

Қазақтың ою-өрнектерінің семантикалық мәні мифологиялық, тотемистік, анимистикалық, фетишисттік түсініктерге байланысты геометриялық, космогониялық, өсімдік тәріздес, антропоморфтық, және тұрмыстық болып бөлінетіндігін ескере отырып, біз зерттеу жұмысымызда басымдырақ етіп мағыналық тұсын зерделедік. Қазақ зергерлері өрнектеудің алуан түрлі әдістерін: нақыштау, бұдырлау, торлау, оюлау, өрнектеу, құймалау, нәзік күміс сымнан өрімдер жасау, сияқты әдістерді өзара ұштастырды. Бұл ою-өрнек әшекейлерінің сюжеттері әдетте геометриялық пішіндері, гүл бәйшешектер, өсімдік бейнелері, хайуанаттардың кескіндері болды. Бұл өрнектер: «иірім», «шиыршық», «йық», «үшкіл», «қошқар мүйіз», «түйе», «табан», «қос ирек», «қаз табан», «құс мұрын», «садақменде», «ит жауырын», «басқа төс», «сыңар өкше», «бәшке», «айшық гүл», «жұлдыз гүл», «күн шығар» т.б. аттармен атады. Зергерлік бұйымдарда қолданылатын ою-өрнектердің семиотикасының мынадай үлгілері кеңінен қолданылған: арпа бас (зергерлік өнерінде қолданылатын, арпаға ұқсатудан туған ою), бағдар (күміске ойып салынған өрнек, әлеміш, бедер), балдақ (қолөнер бұйымдарында қолданылатын ою, өрнек), бедер (күмістің, былғарының т.б. бетіндегі ою-өрнек; әшекей, мәнер, нақыш), батырма (арнаулы құралмен батыру арқылы былғары бетіне салынатын ою-өрнек), батқы (нүкте түріндегі ою-өрнек), бұрама (білезікке салынатын өрнек. Бөріқұлақ – білезікке жүргізілетін өрнек түрі. Қасқырдың құлағына ұқсата жасалған ою), бескүл (бес бұрыш; бес бұрышты өрнек), бүршік (алтын, күміс бұйымдардың бетіне қондырылған ұсақ түйіршіктер), дақ (металл, ағаш бетін сызу, ою үшін алдын-ала белгілеп салған таңба), ырғақ (білезікке жүргізілетін өрнек түрі), шытырман (көп жапырақты өсімдік пен көп тармақты мүйіз және геометриялық фигуралар араласып келетін күрделі өрнек). Бұл өрнек зергерлік бұйымдар мен қоса кесте тоқуда ағаш бұйым беттерінде кездеседі. Шығыршық (өрнек, екі басы ішіне қарай иіліп келген мүйіз өрнегінің бір түрі), шығыршық атауының бұл мағыналарының бәрі де тіліміздегі шығыр сөзінің жалпы «дөңгелек», «доңғалақ» (су тартатын) деген мағынасынан шыққан. Түйетабан (түйенің басқан ізін көзге елестететін, зергерлік және кесте тігу ісінде жиі қолданылатын өрнек), үркергүл (күміс бұйымдардың бетінде кездесетін, топ жұлдызды тұспалдайтын өрнек), үр тас (көне. жүзікке, білезікке орнататын асыл тастардың бір түрі), мойнына жақұт алқа тағып, екі қолына көзіне үр тасын қондырған алтын білезік салады.  Сыңар өкше (білезікке жүргізілетін өрнек), мұндай білезік жалпақ бауырлы, тұтас келеді де, үстіңгі беті қатарласқан қос жұмыр болады; мұнан басқа «ырғақ», «бұрма», «көз» өрнектері «қолтық», «құстұмсық», «түйетабан», «күн», «үш гүл», «бауырсақ», «келінбармақ», «шеңбер», «қазмойын», «балдақ», «гүл», «масақ», «су өрнегі», «алқа», «қосалқа», «тұмарша», «балдақ», «жүрекше», «төртқұлақ»,оюлары зергерлік өнерде қолданылады. салынады, сірке (зергерлік бұйымдардың бетіне себу үшін қолдан дайындалған алтынның немесе күмістің ұсақ түйіршіктері, әшекей бетіне себіле түсірілген майда бедерлер, түртікті өрнек). «Мөр», «таңба», «бестаңба» (әлемнің төрт торабын білдіретін өрнек) қолөнер бұйымдарында әсіресе зергерлік бұйымдарында қолданылады, «ботакөз» де зергерлік бұйымында қолданылады.

Жүрек пішінді белбеу, тоғаларының (ілгектердің), нәзік күміс сыммен көмкерілген қошқар мүйіз қапсырмалардың, үлкен домалақ түймелердің (торсылдақ түйме) және басқалардың жасалуы өте шебер болды.

Қазақ мәдениетінің материалды және символикалық құндылығына тоғыз асыл тастар мен металдар кіреді: алтын, күміс, мыс, темір, гауһар, коралл, бирюза, седеп, лазурит. Дәстүрлі зергерлік бұйымдарды жасауда шеберлер «Алтынмен аптап, күміспен күптеп» демекші, көбінесе күмісті пайдаланған. Бір назар аударалық мәселе тірі адамдар өмірінде күмісті көп тұтынған, әшекей бұйымдардан бөлек, бектер күмістен ыдыс-аяқтар, қасықтар жасатып ас ішкен. Егерде асқа у қосылса, күміс бірден қарайып кететіндіктен индикатор ретінде маңызды роль атқарған. Күмісті «баланың күні күмістей жарық болсын» деген ырыммен, әрі күмістің микробтардан зарарсыздандыратын қасиетін ертеден білгендіктен де нәрестені қырқынан шығарғанда күміс заттар салынған суға шомылдырған. Күміс айды, алтын күнді бейнелейді. Ал бақилық болған бекзаданы алтын киіммен көмген. Қазіргі кезде Қазақстанда көптеген алтын адамдардың табылып жатқандығы белгілі. Алтын қараймайтын, бұзылмайтын қымбат металл. Біздің елімізде қоры мол. Қазақ ою-өрнектерінің (геометриялық, космогониялық, өсімдік, антропоморфтық, зооморфтық және тұрмыстық) маңызы фетишизм, анимистикалық, тотемистік және ескі мифологиямен тікелей байланысты. От, оң жақ, металл, жоғары, күн, янь бастамасын бейнелейді. Су, сол жақ, төмен, түн, ай болса инь әйел бастамасын бейнелейді. Геометриялық орнаментке зергерлік бұйымдарда шаршы, зикзак, бүршікті үшбұрыштар, шахмат көздері, енінен бойынан сызылған сызықтар мен ирек сызықтар, айқыш, бұрыштар кіреді. Алтын - байлық пен жоғарғы биліктің, ақыл мен білімнің символы. Алтын неке жүзігін таққанда сакральды тұрғыда бір-біріне байланады деп ұққан. Ресейде қазіргі таңға дейін алтын әшекейлермен босануға немесе ота жасауға шектеу қойылған. Қақтаған ақ күмістей тұрақты теңеуінің шығуы күмістің осындай қасиетімен байланысты. Мұндай күміс ақ жамбы деп те аталған. Ал қара жамбы – көптен келе жатқан күміс құймасы. Қара сөзі ертеде “байырғы”, “қарапайым”, “көне”, тәрізді ұғымдарды білдірген. Металдардың сапалық белгілерін аңғартатын, уәжі сары, қызыл түр-түске байланысты біраз фразеологизмдер бар: сары алтындай сақтады – мейілінше қастерледі. Тілдік деректерде алтынды сары деп қолдану да кездеседі: cарының сарап біледі алтын, жезін (сары болып көрінген металдың сапасын маман адам, сарапшы айырады деген мағынада). Шеберлер тілінде сары алтын – қоспасыз, таза алтын. Металл сапасын білдіретін қызыл алтын (таза алтын) фразеологизмінің де түр-түске қатыстылығы байқалады. Алтын түсті түс — молшылықтың белгісі. Осы түске байланысты фразеологизмдер бар: алтын ереже, алтын ғасыр, алтын сөз. Алтын – күн, от патша билігінің нышаны. Бұл сақ пен ғұн мәдениетінде нақты көруге болады. Түрік және монғол көшпенділерінің түс жағынан ұқсастықтары бар: солтүстік – қара, оңтүстік – қызыл, шығыс- көгілдір, көк, батыс – ақ, орталық – сары болып бөлінеді.

Десек те, өткен ғасырда зергерлік өнер түбегейлі өзгерістерге ұшырап, қолданыстан тысқарыланып қалған тұстары болғандығы ащы да болса шындық. ХХ ғасыр әлемдік құбылыстардың шиеленіскен аса бір тартысты тұсы. Бұл кезеңдегі басты харакеттер адам санасына күрделі өзгерістерді күштеп енгізу арқылы жүзеге асырылды. Октябрь революциясынан кейін орнаған Кеңес өкіметі бай феодалдардан біржола құтылу саясаты барысында адамның мал-жаны, бар байлығы тіпті бірнеше әйелі барлардың әйелдері де тәркіленді. Колхоздастыру, жеке меншікті ортақ ету саясаты күшейіп тұрған кезеңдердегі тіршілік Қазақ Совет жазушылардың еңбектерінде басты тақырып болды. Осы тұста «ескіліктің қалдығы» болып саналған дәстүрлі зергерлік бұйымдар да құнсызданып, қажеттіліктен ысырылып тасталды. Ең алдымен мал-мүлікпен бірге қымбатты зергерлік бұйымдар, қыз-келіншектердің әшекей бұйымдары да конфискацияланды. Елдегі большевиктік саясаттың қызған тұсында қолдан жасалған ашаршылық зұлматы қалған құнды жәдігерлердің тоналуына одан әрі жол ашты. «Алтын –күміс тас екен, арпа-бидай ас екен», «Алтынның қолда барда қадірі жоқ», «Алтын отта сыналар, Адам жоқта сыналар», «Асы жоқ алтын аяқтың алтынын ал да отқа жақ», «Алтын ерің атқа батса, алтынын ал да отқа жақ», «Порымсыз соққан алтыннан Порымды соққан мыс артық», «Алтын әзәзіл аздырар, Адал еңбек бойыңды жаздырар» -деген мақалдар сол кездерден қалған. Кеңес дәуірінде дәстүрлі этносемиотика интерпретацияланып, өзгеріске ұшырады. Дәстүрлі зергерлік бұйымдар қолданыстан шықты, тек кейуаналардың қолында бірен-саран білезіктер ара-тұра кездесіп қалатын. Қыз балаларға мектепке сырға, моншақ тағып баруға тиым салынды. Зергерлік бұйымдар бастапқы көлемінен мүлде ажырады. Алтын, күмістен соғылған алқа, құдағи жүзіктер, қос білезіктер, шашбау, шолпы, шекелік, өңіржиектер мүлде қолданыстан шықты. Олардың орнын барлығы да көбінесе қатаң бір үлгіде жасалған қарапайым сақиналар, семиотикалық ерекшеліксіз, болса да пентограмма таңбасымен, салпыншақсыз ықшам сырғалар, бір қатарлы моншақтар алмастырды.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап антиквар ретінде әр региондардағы зергерлік бұйымдарға назар аударыла бастады.

Зергерлік бұйымдарда әсіресе Кеңес Өкіметі кезінде қолданылған пентаграмма таңбасы (өте ескі символдардың бірі). Шумерлік және Египеттік таңбаларда көп кездеседі. Бес жұлдызды пентаграмма бес сезімді әйел мен еркектің бастауын; исикалық күшті, гармонияны, денсаулықты білдіреді. Мұнан басқа кеткен кісінің үйге аман оралуын, қорғау мен қауіпсіздіктің, рухани жеңістің белгісі. Зергерлік бұйымдарда Кеңес Өкіметі кезінде көбірек қолданылған. Көбінесе қызыл түсті тастармен (рубин) үйлестірген, бес жұлдыздың магиялық сипатында пентаграмманың бір бұрышы төменде екі бұрышы жоғарыда болатын болса «ешкі тұяғы» немесе «әзәзілдің мүйізі» яғни қара сиқырдың мәнін білдіреді де зұлымдықты меңзейді. Ал, екі ұшы төмен қарап, бір ұшы жоғары қараса «ақ магияны» жеңістің, жақсылықтың нышанын білдіреді.Толыққанды адамның нышаны ретінде махаббат, ақыл, шындық, мейірімділік, әділеттікті білдіреді. Шындық рухқа тән, махаббат жанға, ақыл-интеллектке, мейірімділік жүрекке ал шындық ерікке тән.

Геометриялық символдар тұрақты және ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз берілуде. Түрік халықтарының мәдениетінде аспанмен қатар оның шырақтары да құдай деңгейіндегі құдіретті, қасиетті құбылыс деп танылған. Бұл мағынады, әсіресе, күннің атқаратын рөлі ерекше. Күн символы – шеңбер, свастика. Археологиялық және этнологогиялық деректер Күн мен Адамның тығыз байланысын көрсетеді. Мысалы, Саймалы-таш, Тамғалы, Ешкі өлмес аңғарларында көптеген басы күн тәрізді құдайлар мен адамдардың петроглифтік суреттерін ғалымдар тапқан. Күннің нұры сияқты ұшқын шашқан дөңгелек басты антропоморфтық кескіндер тасқа қашап салынған. Күнді құдай ретінде бейнелеу Шығыстағы көне өркениеттерге тән құбылыс. Күн символы ретінде свастика. Сол жақ беттегі свастика – сағаттың бағыты бойынша айналуы – саулық, сәттілік, бәле –жаладан қорғану, ұрпақ жалғастығы, өмірдің жалғастығы, деннің саулығы, яньды білдіреді.

Оң жаққа қарай айналған свастика – янь бастамасы. Кейде Рухтың күшін көтеретін жолдарды жабатын негативті физикалық қуат көзі болып та қызмет атқарады. Ресейлік Никитина Аринаның құрастырған мәліметі бойынша 144 свастикалық символын есептеп жүйеге түсірген. Шумерлік свастика әйел күшін көрсететіндігін ескертеді. Екілі жұлдыз болса макрокосм мен миркокосмды білдіреді. Яғни, жер, су, ауа, от пен эфирді білдірсе, ерік – жер, жүрек –су, интеллект – ауа, рух – от, жан – эфирді меңзейді. Гексограмма (екі қарама- қайшы ұшбұрыштың бірге орналасуы, яғни алты жұлдыз. Негізінде үшбұрыштың ұшының жоғары қарауы аспан символы). Ал ұшының төмен қарауы жердің символы, екеуі бірігіп екі әлемді біріктіретін адамның символын береді. Бұл әйел мен еркекті біріктіретін үйлесім, қиылған некенің символын береді. Сүлейманның мөрі немесе Дәуіттің жұлдызы (ұшы жоғары қараған үшбұрыш ақ түсті, төмен қарағаны қара түсті. Адамдағы рух мен материяның бірлігін білдіреді). Спираль – тылсымға толы көп мәнді символ. Бұл бейне спиралды галактикадан бастап, құйын, йірім, ұлу қабыршақтары, ДНК молекулаларында да кездеседі. Спираль-уақыттың символы, маусымдардың ауысымы, қартаю мен өсу, ай мен күнді де білдіреді. Соңғы кездері планеталардың, зодиактардың символын тағу сәнге айналды. Олар қарапайым геометриялық символдармен бейнеленеді. Пирамида символы (зергерлік бұйымында отау жүзікте қолданылады. Әлемдегі иерархияны білдіреді). Бірлікті, көбеюді, төрт тұғырды білдіреді. Лабиринт (сиқырлы жерді, күрделі мәселені, әрекетті, тылсымды, әлемді құпиялылық пен сырды білдіреді). Бойына таққанда немесе үйге ілгенде дұшпанның қастандығы мен жасандықтан қорғауды меңзейді. Лотос - өркендеу, көбею, туу, лотос космостық өмірдің қайнары, өткен, бүгін мен келешекті бейнелейді, топырақтан жаралған мәртебелі адамның символын бейнелейді. Қанатты ат (пырақ) – мифологиялық символдар. Поэтикалық шабытты, пайымдылықты білдірсе, Еуропа геральдикасында қанатты ат (пегас) ойшылдардың елтаңбасында көрсетіледі. Бүгінгі таңда қанатты ат әуе транспорттарының эмблемасы ретінде қолданылады. Тасбақа – күш, шыдамдылық, төзімділік, тұрақтылық, өмірдің ұзақтығы, қарттықтың қорғаны (старческая крепость), ақылды білдіреді. Зергерлік бұйымдарды тасбақаның суреті бар жүзікті көбінесе өмірі ұзақ болсын деген мақсатта ақ жаулықты аналарға, аузы баталы апаларға сыйлаған. Көне түрк ескерткіштері тасбақа тұғырға қойылған. Хакім Абайдың «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» дегені де осы ұғымды меңзеген сыңайлы. Тасбақа мұнан басқа от пен судан қорғанудың және ұзақ өмір сүруіне байланысты  мәңгіліктің, ақылдың символы.  

VI – IX ғасырдың бірінші жартысы арасындағы уақытта (орта ғасырларға дейінгі дәуір) Қазақстанның кең байтақ аумағында ежелден кәсіптік мәдениет дамуының ірі тарихи – мәдени орталықтар болған. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі солардың бірі болып табылады. Бұл аймақтың ішіне Орта Азия және Орталық Қазақстан, Орал, Сібір аумағы кірген. Рухани свастика – көбінесе бақсы, сиқыршы, көз байлаушылар қолданған. Бұл рухани күшті, ар-ұждан, жан, дененің бірлігі мен үндестігін білдіреді. Көз байлаушылар мен сиқыршылар табиғи апаттарды басқаруда қолданған. Жан свастикасы (бұл символды тек қана кемелденген абыздар ғана қолданған). Сваор – Күн қақпасы (көктегі күннің қозғалысын білдіреді.  Ойдың, істің, берекенің, рухани өсімнің, шығармашылықтың жетістігін бейнелейді). Сваор - аспандағы қозғалысты, бітпесті білдіреді. Үйге бақыт пен молшылық болады деп бейнелейді.  

Геометриялық символдар тұрақты және ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз берілуде. Күн символы ретінде свастика. Сол жақ беттегі свастика – сағаттың бағыты бойынша айналуы – саулық, сәттілік, бәле –жаладан қорғану, ұрпақ жалғастығы, өмірдің жалғастығы, деннің саулығы, яньды білдіреді. Оң жаққа қарай айналған свастика – янь бастамасы. Төрт әйел мен олардың шаштарын бейнелейтін Шумерлік свастика әйел күшін көрсетеді. Зергерлік бұйымдарда әсіресе Кеңес Өкіметі кезінде қолданылған пентаграмма таңбасы (өте ескі символдардың бірі) су, от, ауа, жер мен эфирді меңзейді. Шумерлік және Египеттік таңбаларда көп кездеседі. Бес жұлдызды пентаграмма бес сезімді әйел мен еркектің бастауын; күшті, гармонияны, денсаулықты білдіреді. Бұдан басқа кеткен кісінің үйге аман оралуын, қорғау мен қауіпсіздіктің, рухани жеңістің белгісі. Зергерлік бұйымдарда Кеңес Өкіметі кезінде көбірек қолданылған.

Бес жұлдыздың магиялық сипатында пентаграмманың бір бұрышы төменде екі бұрышы жоғарыда болатын болса «ешкі тұяғы» немесе «әзәзілдің мүйізі» яғни қара сиқырдың мәнін білдіреді де зұлымдықты меңзейді. Ал, екі ұшы төмен қарап, бір ұшы жоғары қараса «ақ магияны» жеңістің, жақсылықтың нышанын білдіреді. Толыққанды адамның нышаны ретінде махаббат, ақыл, шындық, мейірімділік, әділеттікті білдіреді. Шындық рухқа тән, махаббат жанға, ақыл-интеллектке, мейірімділік жүрекке ал шындық ерікке тән.

Қазақ ою-өрнегіне зер салған адам ою-өрнектің өз бойына еншілеген тақырыптық мағынасы, композициясы, симметриясы мен ритмі, сондай-ақ оған арналған философиялық мәні бар екенін байқап түсінуге болады. Мысалы, қызыл, жасыл, ашық және анық, жарқын түсті ою-өрнектердің жасырын құпия тілдерін түсіну қиын емес. Бояу үндестігі, бояу шешімі ою-өрнек өнерінде адамға идеялық және эмоциялық жағынан әсер ететін негізгі арқау болып саналуында. Қазақ ою-өрнегінде ақ бояу түрі көбірек қолданылады. Оны ағарған дейміз.

Түстердің ою-өрнек өнерінде маңызды орны бар. Ою-өрнек композициясында түстер үлкен қызмет атқарады. Халық шеберлері түстердің адамға үлкен әсер ететінін жақсы түсінген. Оюларда табиғи түстер көбірек қолданылады. «Қанық және табиғи» бояулар адамға белгілі дәрежеде көңіл күй, қуаныш әсерін келтіреді. Мысалы, жасыл түс сабырлылықты, қызыл түс қуаныш, шаттықты білдіреді. Ал, керісінше, күңгірт түстер адамның көңіл күйін пәсейтеді. Сондықтан әрбір түс белгілі тәртіппен кезектесіп отырмаса өрнек әрсіз, нашар болып шығады. Бояу түсі мен ою мәнерінің тепе – теңдік ұстанымдары берік сақталуы керек. Сонда өрнектің эстетикалық әсерлілігі байи түседі. Бояу мен түстерді таңдап пайдаланудың халқымыздың таным-түсінігіне байланысты символикалық мәні де болған: «көк» - аспанның, «қызыл» - оттың, күннің, «ақ» - ақиқаттың, қуаныштың, бақыттың, «сары» - ақыл-парасаттың, қайғы-мұңның, «қара» - жердің, «жасыл» - жастықтың, көктемнің символдары.

Сонымен бірге безендіру жұмыстарын, композициялық жұмыстарды белгілі ережелер мен түсініктерге: ырғақтың сақталуы, симметрия бояулардың гармониялық байланысы, т.б. сүйене отырып орындауды қажет етеді. Туындының ерекшелігін, атап айтқанда, композиция ерекшелігін арттыруда үйлесімнің үлкен орны бар. Анықтап айтсақ, көркем туындыларда заттар көлемінің сәйкессіздігі, бөлшектердің бір-бірімен байланыссыздығы, бояулар шешімдерінің үйлесімсіздігі және басқа да кемшіліктердің бірден көзге көрініп тұрары анық.

Оюлар орындалатын (жапсырылатын, салынатын) нәрсенің беті «фон» деп аталады. Фонның да үлкен маңызы бар. Ол оюдың әуеніне, ерекшелігіне, әсерлілігіне өзіндік үлес қосады. Күңгірт, қара фондарда орындалған оюлар анық, жиектері (контур) айқын көрінеді. Үлгісі бірдей екі оюдың әр түрлі фонда, әр түрлі түспен боялуы бір-бірінен белгілі шамада ерекшеленеді.    Өрнек әшекейлерді бояуды түсіне қарай оюластырудың зор мәні бар. Әрбір түс белгілі тәртіппен кезектесіп отырмаса өрнек әрсіз, нашар болып шығады. Ретсіз орналасқан бояу түстері қандай жақсы ою – өрнекті болса да күңгірт, солғын түске айналдырады.

Ою-өрнектерді әр түсті бояулармен алмастырып отырудың кейде мазмұнға байланысты логикалық ұғымы да бар. Мысалы, өсімдік бейнесіндегі өрнектерге жапырақты кестелеген шебер, не көктем кезіндегі алқызыл, не жасыл түс беруді, не күзгі күрең қызыл, сарғылт тартқан солғын көк түрінде беруді қарастырады. Қазақ ою-өрнегінде ақ бояу түрі көбірек қолданылады. Оны ағарған дейміз. Ақ түс - әділдіктің, шыншылдықтың, тазалықтың, қуаныштың; қара түс - жердің, берекенің; жасыл түс - көктемнің, жастықтың; қызыл түс - күннің, оттың; сары түс - даналықтың, білімділіктің; көк түс - судың, ашық аспанның символдарын білдіреді.

Қазақ өрнектерінде түстердің орналасуының өзіндік тәртібі бар. Мысалы, кестелі ұлт киімдерінде қара барқыт, көк негізгі түс (фон) ретінде көп пайдаланылған. Сары және қызыл жіптер негізгі түстер үшін ұнамды деп есептелген. Ал қара түспен әшекейлеу сирегірек кездеседі. Олар тек сырмаққа, аяққапқа, сандыққапқа басқа оюлар мен күміске жүргізген кавказдауда, ағаш бетіне қарып салу сияқты және аза тұту кезінде ғана ұшырайтын заттарда болады. Ұлт өрнектерінің халықтық мәнерінде көптеген оюлар мен кестелердегі бояу түстерінің арасы жақын болады. Көп түсті өрнектер мен тігілген кестелерде, құрақтарда, ши орау түрлерінде олардың көрнекі жерін бір рет ашық түспен береді де, одан әрі бірте-бірте ашыла бастайтындай етіп, біркелкі ыңғайлы түстермен өрбітіп отырады. Мысалы, бір өңкей шахмат төртбұрышынан құралып, иық-иық болып өрби түсетін «омыртқа» өрнегін алып қаралық. Онда көбінесе түстер нақ ортадан бастап шетке қарай түрленеді. Сонда ортада – қара, ақ, қызыл, жасыл, сары, көк түс келеді.

Қолөнерде пайдаланылатын бояуларды шеберлер өздері қолдан жасап алатын оларға әр түрлі қоспаларды қосып. Бұрын табиғатта жиі кездесетін және сол күйінде пайдалануға жарай беретін ақ, сары, көк, қызыл және қара топырақтар, түрлі түсті жосалар (сары, көк, қызыл) ағашты, теріні, қайысты бояуға жұмсалған. Сол сияқты малдың қанын, қара бауырын, көк бауырын да бояу ретінде пайдаланған. Көк тікеннің бүрі, мойыл, долана, қарақат, бүлдірген, итмұрын және тағы басқа да осылар тәрізді түрлі жемістердің шырыны да даяр тұрған бояу десе болғандай еді. Халық шеберлері шие жемістерін, әр түрлі өсімдіктерді, олардың қабықтары мен тамырларын қайнатып бояу жасау әдісін көп қолданған. Мысалы, талдың, теректің, қарағайдың, еменнің, алма, анар, жүзім және өрік ағаштарының қабықтарынан қызыл, сары, күрең, қошқыл түсті бояулар қайнатқан. Қына (жер қынасы, тас бетінің қынасы) «томарбояу» дейтін қурай мен тобылғының тамырларын қайнатып та бояу жасаған. Қабықтарды күздігүні жинап қол диірменге тартып не келіге түйіп ұнтақтап қайнатады. Шеберлер, қайнауына қарай, бояуынан арылған ұнтақтарды сүзіп алып тастап, қалған сұйықты одан әрі қайната беру арқылы оны қоюландырған, кейде порошок түріне келтірген. Мұндай қайнатынды бояуға ашудас, мұсатыр, тотияйын, тұз, қарағайдың шайырын қосатын. Сол сияқты қара күйе, ыс, құрым, өріктің, жаңғақтың сүйектері мен бидайдың, арпаның күйіктерінен де бояу жасаған. Бұларды бірімен-бірін қоспалау арқылы әр түсті бояулар жасалады. Бояулар сіңімді әрі оңбас үшін ермен, көкпек, қара жусан сияқты ащы шөптердің тұндырмасын, құрттың сарысуын, кейде май қосатын болған.

Қолөнерде пайдаланылатын бояулардың негізінен үш түрі бар. Біріншісі – осы заманғы химиялық әдістермен өндіретін алуан түсті порошок не сұйық бояулар. Бұларды кез келген шаруашылық дүкендерінен табуға болдаы. Екіншісі – табиғатта даяр күйінде кездесетін бояулар. Бұлар топырақтан, жосадан (охра), әртүрлі минералдар мен өсімдік жемістерінен, малдың қаны мен бауырынан алынады. Үшіншісі – шеберлер өздері қолдан жасап алатын бояулар, оларға әртүрлі қоспалар қосылып пайдаланылады. Халық шеберлері шие жемістерін, әртүрлі өсімдіктерді, олардың қабықтары мен тамырларын қайнатып бояу жасау әдісін көп қолданған. Қабықтарды күздігүні жинап қол диірменге тартып не келіге түйіп ұнтақтап қайнатады. Шеберлер, қайнауына қарай, бояуынан арылған ұнтақтарды сүзіп алып тастап, қалған сұйықты одан әрі қайната беру арқылы оны қоюландырған.

Қолөнерде пайдаланылатын бояуларды шеберлер өздері қолдан жасап алатын оларға әр түрлі қоспаларды қосып, бұрын табиғатта жиі кездесетін және сол күйінде пайдалануға жарай беретін ақ, сары, көк, қызыл және қара топырақтар, түрлі түсті жосалар (сары, көк, қызыл) ағашты, теріні, қайысты бояуға жұмсалған. Сол сияқты малдың қанын, қара бауырын, көк бауырын да бояу ретінде пайдаланған. Көк тікеннің бүрі, мойыл, долана, қарақат, бүлдірген, итмұрын және тағы басқа да осылар тәрізді түрлі жемістердің шырыны да даяр тұрған бояу десе болғандай еді. Халық шеберлері шие жемістерін, әр түрлі өсімдіктерді, олардың қабықтары мен тамырларын қайнатып бояу жасау әдісін көп қолданған. Мысалы, талдың, теректің, қарағайдың, еменнің, алма, анар, жүзім және өрік ағаштарының қабықтарынан қызыл, сары, күрең, қошқыл түсті бояулар қайнатқан. Қына (жер қынасы, тас бетінің қынасы) «томарбояу» дейтін қурай мен тобылғының тамырларын қайнатып та бояу жасаған. Қабықтарды күздігүні жинап қол диірменге тартып не келіге түйіп ұнтақтап қайнатады. Шеберлер, қайнауына қарай, бояуынан арылған ұнтақтарды сүзіп алып тастап, қалған сұйықты одан әрі қайната беру арқылы оны қоюландырған, кейде порошок түріне келтірген. Мұндай қайнатынды бояуға ашудас, мұсатыр, тотияйын, тұз, қарағайдың шайырын қосатын. Сол сияқты қара күйе, ыс, құрым, өріктің, жаңғақтың сүйектері мен бидайдың, арпаның күйіктерінен де бояу жасаған. Бұларды бірімен-бірін қоспалау арқылы әр түсті бояулар жасалады. Бояулар сіңімді әрі оңбас үшін ермен, көкпек, қара жусан сияқты ащы шөптердің тұндырмасын, құрттың сарысуын, кейде май қосатын болған.


Айжан ЕСЕНАЛИНА

Бөлісу: