9 Қазан 2014, 13:25
Кеңес Үкіметі кезінде түсірілген қазақ кинематографиясының рөлі – халыққа тәрбие беруші, жалпы мағлұмат беруші болатын. Адамдардың жаман қылықтары көрсетілмей, жақсылыққа баулитын құрал ретінде қолданылатын. Әрине, ол фильмдерге социализм идеолгиясының дәмі татылмай да тұрмайтын.
Тәуелсіздіктен кейін, заманымыз да, адамдарымыз да өзгерді. Қиын 90-шы жылдардан кейін аман-есен аяқтарына тұрған жұртымыз басынан өткеніне көз салып, енді жаңа өмір ретімен өмір сүре бастады. Киномыз да өзгере бастады. Сол кинолардың арасынан сценариі мен сапасы ерекше, бұрын соңды айтылмаған тақырыптарды қозғап, көрерменге 90-шы жылғы оқиғаларды Батыс кинематографиясының үлгісінде ұсынған алғашқы фильм ол - Ақан Сатаевтың Рекетирі еді. 2007 жылы шыққан Рекетир, Саян Беккарімов есімді жігіттің өз өмір-баянын туылғанынан бастап баяндап беруі.
Кеңес Үкіметіндегі орташа жағдайлы отбасында туылған Саян, басынан өткен өмірлік кезеңдерін елімізде болған өзгерістерді байланыстыра отырып суреттеп береді. Сол кездегі Қазақстанның әр отбасында болған толғанысты, материалдық күйзелісті шешу үшін сан түрлі амалды қолданып, ең соңында бұзақылардың қатарына қосылған Саянның бейнесі әр адамға таныс. Жалпылап айтқанда, Рекетир қазақ кинематографиясының тарихындағы жаңа парақты ашты десе де болады. Кеңестік үлгідегі фильмдерден Батыстық үлгіге ауысуға жасалған алғашқы қадам. Кей кісілерге бұл туындыдағы көріністер тым қатал және ұят болса да, оның көп бөлігі адамдардың шын өмірінен алынған заттарі.
Рекетир фильмін көп пайда тапты деп те айта алмаймыз. Оны түсіруге 800 мың АҚШ доллары жұмсалса, 1.2 Миллион табыс табылды. Кинематографияға алып келген жаңалығынан бөлек, Рекетир бір топ жаңа қазақстандық актерлерге жұлдызға айналуға көмектесті. Атақты Руслан рөлін сомдаған Мұрат Бисембиннен бөлек, Саянның жас кезіндегі махаббаты, кейіннен қасты. Бұрыннан да киноға түсіп жүрген сұлу, осы туындыдан кейін көрермендердің ең сүйікті актрилыңдығының рөлін сомдаған Асель Сағатованың да Рекетирден кейін актерлік карьерасы өрге басты.Бұрыннан да киноға түсіп жүрген сұлу, осы туындыдан кейін көрермендердің ең сүйікті актрисасына айналды.
P.S. Рекетир фильмінің 2 бөлімі 2015 жылдың көктемінде жарық көрмекші. Ол – «Рекетир-2. Жаза» деп аталмақшы. Режиссер Ақан Сатаевтың айтуынша, фильм Қазақстанның 4 үлкен қаласында түсірілед және ең қызығы, Рекетир 2де 1ші бөлімнің соңында қайтыс болған Саян қайта келеді екен. Күтеміз!
Суреттердің дереккөздері: Women-best.ru, kazamuza.kz, kinopoisk.ru