Қазақ хандығының мерейтойы мемлекеттік деңгейде мерекеленеді

14 Қаңтар 2015, 09:05

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай атқарылатын іс-шараларға тоқталған болатын. Бүгін министрдің сол кезде айтқан сөздеріне қысқаша шолу жасайық.

Өткен жылдың соңында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай атқарылатын іс-шараларға тоқталған болатын. Бүгін министрдің сол кезде айтқан сөздеріне қысқаша шолу жасайық. 

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, 2015 жылы біздің еліміздегі елеулі оқиғалар ауқымды түрде өткізілетін ерекше жыл болады. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы, сонымен қатар, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қамтылмақ. Атап айтқанда, алдағы жылдағы үлкен шара Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына байланысты болады. 

Министрдің сөзіне қарағанда, Елбасының тапсырмасы бойынша министрлік қазіргі кезде үлкен тұжырымдама жасап, кешегі Үкімет отырысында осы құжат кеңінен талқылаудан өтті. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегіне сүйене отырып, бүкіл ғалымдар бір тұжырымға келді. Яғни, осыған сәйкес, 1465 жылы Қазақ хандығының алғаш құрылған кезі атап өтіледі.

Ол сондай-ақ, Қазақ хандығына байланыс­ты ғылыми конференциялар ұйымдастырылып, деректі және көркем фильмдер шығатынын, оның ішінде Елбасының тапсырмасымен Қазақ хандығына арналған 20 cериялы үлкен телехикая түсірілетінін жеткізді.  Осы орайда  2015 жылдың қаңтарынан бастап аталмыш сериалдарды түсіру іске асырылмақ. 

Атқарылатын шаралар не­г­ізінен үш бөлімнен тұра­ды. Біріншісі – патриоттық ба­ғытта, екіншісі – ақпараттық, яғни ғылыми-көпшілік бағ­дар­ламаларды, танымдық деректі фильмдерді, қазақ халқының мәдениеті мен өнегелі қасиеттері туралы көркем фильмдер жасап, жетекші орталық телеарналар арқылы тарату, үшіншісі – ғылыми-зерттеу жұмыстарын қамтиды. Жылдың аяғына дейін өңірлерде мерейтой іс-шаралары жалғасады. Жалпы, келер жылы мерейтойға арналған 100-ге жуық ірі шара өткізу жоспарлануда. Атап айтқанда, алдағы жылы мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндерге байланысты да барлық шаралар Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында өтетін болады. Аталған іс-шаралар жос­­пары таяуда Үкіметтің тиісті қаулысымен бекітіледі. Ал қоры­тынды шара Қазақ хандығының алғаш құрылған жері Шу мен Талас өзендерінің арасындағы алқапта 2015 жылғы қыркүйекте Елбасының және бірқатар шет­елдік меймандардың қатысуымен өтеді деп жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы

Бөлісу: