«Қазақ халқының белсенділігіне тәнті болдым» - Ресейлік бақылаушы

5 Маусым 2022, 19:27 1351

Фото: inform.kz

Бүгін Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Нұр-Сұлтан қаласындағы 30-ға жуық учаскіге барып, ахуалды бақылады, - деп хабарлайды El.kz.

– Біздің мамандар елордадағы учаскілерді аралаған кезде комиссия мүшелерінің біліктілігі мен қызмет сапасына назар аудардық. Қазақстанның референдумға үлкен жауапкершілікпен қарағанын алғашқы сәттерден-ақ байқауға болады. Қазақстандағы учаскілердің ауқымы жөнінде айтсам, 300-ден астам учаскіге 4000-4500 адамға дейін дауыс беруге болады. Бұл үлкен көрсеткіш деп айта аламын. Сонымен қатар, БАҚ қызметкерлері де референдум туралы ақпаратты барынша жәдел әрі толық таратып жатқанына елорда тұрғындарымен сөйлесу барысында көзім жетті. Қазақстандықтардың референдумға бүкіл әулет болып келіп, дауыс бергенін көріп, халықтың белсенділігіне тәнті болып, суретке де түсіріп алдым. Осындай тарихи күнде халықаралық байқаушы ретінде біз де қатты қобалжып жүрміз, - деді РФ Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Эльмира Хаймурзина.


Бөлісу: