Қазақ биі - бидің төресі

7 Сәуір 2022, 12:19 55441

Қазақ биі - ұлттық дәстүрді, салтты танытатын өнердің жауһары. Қазақ биінің арқауы халықтың жан дүниесі, оның таным-түсінігі, табиғатпен байланысты. Би- бұл музыкаға сай денені қимыл-қозғалысқа келтіру ғана емес. Би сіз туралы ақпарат беретін әрекеттер жиынтығы. Қазақ биінің дамуы үшін өз үлестерін қосып келе жатқан Қазақ ұлттық хореография академиясының оқытушыларының еңбектері ерең. Біз бүгін қазақ биінің анықтамалығын жазған хореографтар мен сұхбаттасқан болатынбыз.


Бидің тарихы

Жалпы адамзаттың қай уақыттан бастап билегенін кесіп айту мүмкін емес. Алайда, осыдан 5 мың жыл бұрын үндістан үңгірлеріндегі қашалып салынған суреттерде биге ұқсас қимылдар бейнеленгенін байқаймыз. Ең алдымен би адамдардың наным-сеніміне байланысты әртүрлі рәсімдерден құралған. Би құрылымының қалыптаса бастаған кезі деп, ежелгі Египетті айтуға болады. Онда адамдар тұрмыстық түрлі рәсімдерді би арқылы жеткізген. Мәселен күн мен түннің ауысуында би қимылдарымен көрсеткен. Көне мәдениеттер ордасы болған Грекия, Рим, Мысыр, Қытай секілді шығыс елдері орта ғасырлардың өзінде билеу мәдениетінің шыңына жетті. Ал, би музыкамен тығыз байланысты болғандықтан халық билері ұрмалы музыкалық аспаптардың ырғақты үнімен орындалған.


Қазақ биі синкретті өнер ретінде өз дамуында күрделі кезеңдерден өтті. Қазақ биі таста қашалған қарапайым қимылдан бастап, күрделі биге дейін жетті. Би өнері ерте зaмaннaн қaлыптaсқaн, хaлқымыздың aсa бaй ayыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүр тұрмыс-сaлтымен біте қaйнaсып келе жaтқaн ел мұрaсы бoлып тaбылaды. Би өнері өзінің эстетикaлық бoлмысындa қaзaқ жұртының жaлпы дүниетaнымынa сaй aрмaн-мұрaттaрын бейнелейтін қимылдaр жүйесін қaлыптaстырғaн. Қaзaқ хaлқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сaқтaп, өзінің рyхaни қaзынaсымен ұштaстырa oтырып, ғaсырлaр бoйы дaмытып келеді. Ал би өнері ішкі рyхaни әлемді aшaды, aдaмды, сұлyлыққa тәрбиелейді, игі қaсиеттерді oятaды, aдaмгершілік идеялaрды нaсихaттaйды. Қaзaқ биінің қaй қимылы бoлмaсын, қaрaп тұрсaңыз тұрмыс-тіршіліктен, тaбиғaттaн өмірден aлынғaн.

Өнертану кандидаты, профессор Ізім Тойған Оспанқызы Қазақ ұлттық хореография академиясында қазақ биінің зертханасын ашуға мұрындық болған. Зертхана ашудағы мақсат- би өнерін бір қалыпқа, бір жүйеге түсірсек деген арманы болған. Бүгінде сол мақсатта елеулі жұмыстар атқарып келеді.


– Жалпы бұл зертхана 2019 жылдың наурыз айында ашылған болатын. Қазақ биінен зертхана ашуымыздың өзіндік себептері бар. Біріншіден, осы уақытқа дейін, қазақ биінен сабақ беріп жүрген оқытушылардың терминдік сөздіктері әркімдікі өзінше әртүрлі болды. Ал бүгінгі күні оның барлығы бір жинаққа жинақталып, үлкен дүниеге айналып отыр. Қазақ би өнері жан-жақты ізденіс пен зерттеуге енген сала. Екі жылдан аса уақыт бойы «Қазақ биінің анықтамалығы» деген еңбекті жазуға тер төгілді. Сол еңбек бүгінгі күні қазақ биін оқытып жүрген оқытушыларға үлкен көмекші құрал ретінде пайдалануға болады. Себебі мұнда, әрбір бидегі қимылдардың қалыптары көрсетілген. Бұдан бөлек, республика бойынша би өнерімен айналысып жүрген ғалымдар мен оқытушылардың еңбектерін жинақтап, бүгінгі күні үлкен ғылыми монография дайындап жатырмыз. Бұйырса алдағы уақытта жинақталып шығып қалады.

Тойған Оспанқызы: «Тек қазақ биін ғана емес, жалпы Қазақстандық ғалымдардың би өнері жайлы жазған еңбектерін жинап ұстауға тырысып отырмын»,- дейді Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі.


– Бізге сара жолды салып берген, Шара апамыздан бастап, би саласына қызмет еткен жандардың осы күнге дейін қалдырған мәліметтерін  жинастырып жатқан жәйіміз бар. Бұның барлығы болашақ ұрпаққа сақталып қалса деген арманым бар. Аталған әдістемелік құралда әр қимылдың орындалуына кеңінен тоқталып өтеміз.

Қай халық болса да, өзінің тілі мен діні, және өзіндік мәдениеті бар. Соның ішінде би ерекше орын алады. «Өмірдің өзі қимылдан тұратынын ескерсек, адам қозғалыссыз тұрмайды»,- дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Тәти Айгүл Әбікенқызы.

– Адамзат әдемі әуен естісе, тойлап, жырға қосып, елітіп билеп кетеді. Халықтың ауыз әдебиеті бидің бұрын соңды болғанын дәлелдейді. Биді әдеби көркемдік тілмен ақын-жазушыларымыз керемет суреттеген. Онда: сұқ саусақ, шынашақ деген теңеулердің барлығы біздің қыз баланың сұлулығын суреттеген.

Біздің қазақ халқы өнерден кемде емес. Қарап отырсаңыз, қазақ бүкіл өмірін әнмен, бимен өткізеді. «Бұл халық өнері басқа ешкімге ұқсамайтын қазақ көшпелілерінің тұрмыс-тіршілігінің өзіндік ерекшелігін, ішкі дүниесінің байлығын айқын көрсетеді»,- дейді Айгүл Әбікенқызы.


– Биді зерттеп жазып кеткен біздің алдыңғы буын апаларымыз бен ағаларымыз оның ішінде Шара апайдан бастау алады десек қателеспеген боламыз. Шашубай Қошқарбайұлы, Зәуірбек Көпенұлының есімдері халықтан шыққан бишілер ретінде тарихта қалған. Олардың би өнерінде қалдырған ізі зор. Таңбаны тасқа қашағандай етіп, негізін қалап кеткен. Соңы осы отырған зертхана, ары-қарай ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келеді. Біз кішкентайымыздан осы бимен өсіп-өңіп, өң бойымыздан өткіздік. Біздің қазіргі би саласында әртүрлі ауытқулар бар. Жалпы, қазақтың биін бір сарында тұрып қалды деп айтуға келмейді, себебі біздің ұлттық нақышта орындалатын және қазіргі заманға сай лайықталып жасалған түрлері бар. Соның ішінен дұрыс жолдан ауытқымай, қазіргі заман қалпында ұстап, өзіміздің ұлттық нақыштағы бояуды жоғалтпай мұра етіп қалдыру біздің мақсатымыз.


Осы би әлеміне қатысты қаншама шыққан құнды кітаптарды, бөлек-бөлек қылмай, қазіргі заманға лайықты қылып, педагогтар мен оқытушыларға осы кітапты ашқанда бірден өзіне керегін табатындай етіп әзірлеп жатырмыз. Аяқ-қол қимылдары, жүрістер, негіз қимылдары деген секілді бәрі түсінікті тілмен жазылған. Тіпті биден хабары жоқ адамның өзіне түсінікті түрде жазылған.

«Қазақ биі мұрасын зерделеу қаншалықты маңызды болса, қазақ биін таза күйінде жас ұрпаққа жеткізу одан да маңызды екенін естен шығармау керек»,- дейді педагогика ғылымдарының докторы, өнертану профессоры, Кульбекова Айгүл Кеңесқызы.


– Қазіргі таңда қазақ биі түрлі бағытта, әртүрлі стильде дамып келеді. Қазақ биінің стилизациясы қай заманда болмасын өзектілігін жоғалтпай келеді. Стилизациялардың көмегімен қазіргі болашақ ұрпаққа дәстүрлі ұлттық мәдениетті сақтауға болады. Себебі, өмір мен өнердің барлық процестері айтарлықтай дамып келеді. Заман ағымына сай өнер әлемі де түрленіп келеді. Ал халық өнері дәстүрлі мәдениет, ол жас ұрпақ үшін қашанда маңызды. Дәстүрлі мәдениет мұрасы өзінің ділін, діңін, ішкі мәдениетін жоғалтпау үшін қажет дүние. Қазіргі таңдағы заманауи өнер туындылары ұлттық менталитетімізді, мәдениетімізді бұзбауы керек,- дейді өнертану профессоры.

Бидің денсаулыққа пайдасы


Би – бұл өнер, әрі спорт. Негізінен, би мен әрдайым шұғылданатын болса, ол денсаулыққа әрі өзін жақсы сезінуге пайдалы.

Бірінші себеп – денсаулыққа пайдалы, артық салмақ жоғалтуға көмектеседі. Медицина тұрғысынан би сабақтары кезінде жаттығулар жүрекке, қан тамырларына, бұлшықеттерге және дене буындарына оңтайлы жаттығулар береді. Би сабағына 4 жастағы баладан зейнет жасындағы үлкен адамдар да қатыса алады.

Екінші себеп – дұрыс қалып. Қазіргі адамдардың жартысынан көбінде бел-омыртқа тұсында проблемалары бар. Ал би дұрыс қалып қалыптастырып қана қоймай, омыртқаның сауығуына да ықпал етеді.

Үшінші себеп – әдемі жүріс. Әдемі жүретін адамдар бірден алыстан көзге түседі. Егер сіз билеуді үйренсеңіз, онда сіз міндетті түрде әдемі жүре аласыз.


Бесінші себеп – психологиялық эмансипация. Би адамды батыл және ашық етеді. Би билейтін адамның мінез-құлқын сипаттайтын негізгі сөз – бұл еркіндік. Қозғалыс еркіндігі, қарым-қатынас еркіндігі, және ойлау еркіндігі. Би адамды сергітеді және стереотиптерді жояды. Ол қазіргі әлемде көңілді және қызықты өмір сүруге көмектеседі.

Алтыншы себеп-музыкалық және ырғақ сезімі. Тұрақты би сабақтары сізге музыканы «естуге», оны түсінуге, фокстротты вальстен, самбаны мамбадан ажыратуға үйретеді. Ритм сезімі дамиды, ырғақ сіздің өміріңіздің бір бөлігіне айналады.

Жетінші себеп – аптасына екі рет кем дегенде бір сағаттан дене шынықтыруға уақыт тапқан дұрыс. Ал, бимен айналысу таптырмас жаттығу. Би арқылы, өзін тік ұстауды, созылып икемді болуды үйренеді.


Түйін

Би тілі – тек шындықты айтатын құрал. Тіпті билей алмайтын адамдар қимылмен түсінісе алады. Бидің тілі көптеген ұғымды жеткізуге болатын шешен тіл. Би тілімен махаббаты да, күйініш пен қуанышты да, реніш пен назды, қайғы мен тебіреністі терңінен айтып, ұғындыруға болады. Би- музыкаға жан бітіре алады. Оны өміршең етіп, тірілтіп, көзбен көрінетіндей дәрежеге жеткізеді. Ке келген би ең алдымен- бостаңдық. Мұң мен қайғыдан, жаман ой мен істен арылу.


Аяулым Қанағат
Бөлісу: