Қазақ – хас сақтардың сарқыты

14 Қаңтар 2015, 06:24

Біз қандай ұлтпыз деп бір сәт ойлансақ, біздер ежелден тамаша философиялық ойлар айтқан, өз алдымызға идеология қалыптастырған, тарихи эпосқа бай, тамыры терең халықпыз.

Қоғамды құрайтын адамдар шоғыры, бүгінгі таңда қалыптастырған жандылық қасиеті, сенім-танымы, дүниеге көз қарасы, қоршаған ортаға деген тіршілік қабілеті, өмір сүру заңдылықтары, арман-мұраттары, ғұмыр кешу ереже-түзімдері, ой-идеялары тарих парақтарының ашылуына байланысты жасығы қалып, асылы сұрыпталып әдетке, салтқа айналған. Міне, осылай ұлт қалыптасқан. Ұлт дегеніміз: ортақ этникалық тұтастық, ортақ тілде жазу, генетикалық қандық ұқсастықтан сырт,  ежелден қалыптастырған таным, наным, әдет-ғұрып, салт-сана ұқсастығы, ортақ  психологиялық ерекшелікке ие, қоғамды ұлт дейміз.

Біз қандай ұлтпыз деп бір сәт ойлансақ, біздер ежелден тамаша философиялық ойлар айтқан, өз алдымызға идеология қалыптастырған, тарихи эпосқа бай, тамыры терең халықпыз.

Заманымыздан бұрынғы IV-VII ғасырда Орта Азияны мекен еткен Сақтардың (Іскиф) 10 тайпасы тарих бетінде аталады. Әйгілі ғалым А.Н.Бернштам қазақтың атын сақтармен байланстырады, ол қазақ деген сөз «Хас-Сақ» деген сөзден шыққан дейді, тарихшы М.Ақжанов қазақ сөзін Хас, (нағыз) Сақ дегеннен шыққан деп топшылайды, Қытай ежелгі жылнамаларында сақ тайпалары « 塞种Сай жоң, 释种Шы жоң, 西膜Ши мо, 释迦Шы жа деп кездеседі»ал Грек тарихшылары Азиялық Іскифтер деп атаса,  Парсы тарихшылары Сақтар деп атаған. [3,61-63б]

Сақтар өте батыр жауынгер, қасына қатал, досына адал халық болған. Олар қастасқан жауын ешқашан аямаған, өлтірген жауларының бас сүйегін ішімдік ішетін ыдыс еткен, тіпті жауларының жон терісінен шылбыр жасаған. Олар батырын ардақтау үшін жыл сайын үлкен мереке жасап ортадағы ыдыстан тек жауды өлтірген батырлар ғана ішімдік ішетін болған. [2,66- тарау]

Сақтар Парсы, Серия, Персия, Мидия сияқты елдер мен тікелей қарым қатынас орнатқан. Грек тарихшысы Гередот Сақтардың әйел патшасы Томиристің Парсы патшасы Кирдің басын алғанын жазады. Жеңілмес жауынгер атанып кеткен Атақты Александр патшасын ауыр жеңілске ұшыратады. [3,66-70б] Есік қаласынан табылған Сақ сарбазы және ҚХР Күнес ауданынан табылған шошақ тымақты Сақтың қоладан құйылған мүсіні сонымен бірге олардың сол кездегі тұрмыс-тіршілігі біздің ата-бабалармыз екенінің айқын белгісі. Бұлардың жерінің орталығы Іле алқабы мен Жетісу өңірі болған. Жалпы Памир Алатауынан солтүстікке қарай басталып Тянь-Шань тауларына жетсе, шығыс терістікте Алтайдың батыс сілемдеріне дейін созылған. Солтүстікте Балқаш көліне және Шу өзенінің аяғына дейін жалғасқан, ал батысы Талас өзенінің оңтүстік жағалауына дейін иеленген. [4,34-35б]

24 тайпадан құралған көшпенді Ғұндардың одағы заманымыздан бұрынғы II ғасырда дәурендеген. Бұлар шығысы Ляухы өзені батысы Памир, терістігі Байқал көлінен оңтүстігі Қытай ұлы қорғанына дейінгі ұлан байтақ өңірге үстемдік еткен. [1,136-141б] Ұлы юз тайпасы заманымыздан бұрынғы III ғасырда өмір сүрген. Бұлар Дуанхоң мен Шүлен тауының аралығын мекен десе, Үйсін тайпасы заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бері қарай 1200 жылыдық тарихқа ие, бұлар ең әуелі Ұлы юз бен іргелес қоныстанған қазіргі Хы Ши коридорында көшпелі өмір өткізген, кейіннен Іле өңіріне қоныс аударған, батысы Шу, Талас өзендеріне, шығысы Тянь-Шань тауларының шығыс сілемдеріне солтүстікте Балқаш көлінен бастап оңтүстікте Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына дейінгі ұлан қайыр өңірді қамтыған, түтін саны 120000нан асып 630000 адамға жеткен, әскер саны 188000 болып, өз дәуірінің мейлінше күшті мемлекетіне айналған. Сол кезде батыс өңірде болған 40 мемлекеттің жан саны мен әскер санының жалпы жиынтығынан әлде қайда артық болған, сондықтан да Хан патышалығының Уди патшасы заманында хан әулетімен құдандалық байланыс жасады. Хан ханшалары Ши Жүн және Жие Ю, Фың Лияу Үйсін еліне келін болып түсті. Бұл байланыс 400жылға созылды, өз замандағы шығыс пен батыс арасындағы маңызды қатынас жолы «Жібек жолын» ашуда және оның қаупсіздігі үшін өте маңызды болды.[3, 60-153б]

Бұдан басқада Қаңлы, Алан сынды ежелгі Қазақ халқының түп атасы саналатын этникалық тайпалар аталады. Одан соң заманымыздың 552-659-жылдары Алтай тауын мекендеген көшпелі Түрік тайпасы Түрік хағанатын құрды. 659-766 жылдар Түркеш хағанаты,766-940 жылдар Қарлұқ хағанаты осы кезеңде қазақ халқы өз алдына халық болып қалыптасты. [3, 6-7б]

ІХ-Х ғасырда Ертіс бойындағы Қимақ елінен ХІ ғасырда Қыпшақ тайпасы билікті алды. Осы кезде Қыпшақтар шығысы Ертіс өзені, батысы Дон өзеніне, Орал тауынан Қара теңізге дейінгі ұлан байтақ өңірді өзіне қаратты, бұл өңірдегі Түркі тайпалары өздерін Қыпшақ деп атап кетті.[3, 6-8б]

Алайда қазақ халқының  ішкі алауыздығын әдемі пайдаланған Шыңғыс хан біздің түп аталарымыз Найман, Керей хандықтарын жеке-жеке бағындырып ХІІІ ғасырдың алғашқы жартысында орта азияны жаулады, ол алған жерлерін ұлдарына енші ретінде үлестірді, Ертіс өзенінен Еділ өзеніне дейінгі ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпалары Жошының үлесіне тиді. Жетісудағы қазақтар Шағатайдың еншісіне айналды, деседе бұл тек салық беру, әскер беру жағынан бағынышты болды. Қазақтар ешқандай өзгеріске ұшрамай өз мекендерінде бұрынғысындай отырып, қоңыр тірлігін жалғастыра берді, жерлерін басып алып, тәндерін жауласада рухын жаулай алмаған монғолдар  керісінше қазақтарға сіңіп кетті.[3, 297-299б]

1227 жылы Жошы хан өлген соң оның ұлысы батыс және шығыс деп екіге бөлінді. Батыс ұлыс ханы Бату 1236 жылы қалың қол бастап жайықтан өтіп Еділ өзені алқабындағы бұлғарларды бағындырып, 1237 жылы Разиян, Владимр, Москва сияқты қырық иелікке бөлінген орыс кньяздықтарын бір-біріне қоспай жаулап алды, одан ары монғол әскерлері үздіксіз алға жылжып Киев қаласын алды. Польша, Венгрия, Чехия, Молдавия қатарлы жерлері талқандап қайта Еділ сағасына1242 жылы оралды.

Алтын орда аумағы Еділ алқабы және оның батысындағы қырым, солтүстік кавказ, терістігі хорезм сонымен бірге осы өңірдегі халықтар қарады. Ал шығыс бөлегі алтай таулары мен ертіс өзенінен жайық өзеніне, балқаш көлі мен сырдария алабы мен арал теңізінің терістігіне дейінгі аумақ және ондағы халықтар Жошының үлкен ұлы Орда-Эженнің үлесіне тиіп ол өзін Ақ орда патшалығы деп атады. Ақ орда хандығының териториясы дерлік қазіргі Қазастанды қамтыды. [3, 9б]  Араб тарихшысы Әл-Омари Шыңғыс хан жорығынан бұрын бұл жерлер Қыпшақтар елі болған, сондықтан да осы өңірді жаулаған монғолдар өздері билеген жергілікті халыққа сіңіп «дәл қыпшақ» болып кетті деп жазады. [9, 235б]

1227-1428 жылдар дәурендеген Ақ орда хандығы өзінен бұрынғы қыпшақ бірлестігі кезіндегі территорияны иемденді және кеңейтті, сонымен бірге сол ел мәдениетін сол бойдан сақталды, мемелекет тілі қыпшақ тілі, діні исылам болды, демек осылай Ақ орда ханыдығының аты монғол заты қазақ хандығы болды.1428 жылы Ақ орда хандығы құлаған соң оның орнына Әбілхайыр хандығы құрылды. Бұл кезде қазақ териториясы мен этникалық негізі және тілі сол бойы сақталды, 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасы болды. [10, 46б]

 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басшылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түсті. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді. Қазақ хандығы территориясы батыс жетісу, Шу өзені мен Талас өзені алқабы, осы өңірге тұңғыш рет Қазақстан деген атау берілді. [8, 384-385б]

XV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыста болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың  тұсында Қазақ мемлекеттілігі азуын айға білеп тұрды. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болды. [11, 95б] Бүгінгі Егемен Қазастан осы біз тізбелеген тарихтың заңды жалғасы екені даусыз. Ол ешқашанда көктен түскен, ғайыптан пайда болған ел емес,  қайта байырғы этникалық халықтардың жер-суы, территориясы, салт-санасы күні бүгінге дейін жалғасып,  ұрпақтары   бабалар ерлігін жалғап, арманын орындап келеді.

Біз осындай ұлы халықтың, азуы алты қарыс хандардың ұрпағы екенімізге ешкім де таласа алмайды. Міне бұл тарих бізге не береді?  Ол бізге және біздің ұрпаққа асқақ жігер мен таусылмас күш береді, сол арқылы біздер болашаққа нық сеніммен қадам басамыз.

Әйтсе даму деген не? Даму деген ешқашанда адамдардың италиян костюмін киіп, француз әтірін сеуіп, жаңа машина мінумен, жер бетінде зәулім құрылыстардың бой көтеруімен өлшенбейді. Қайта ол адам әуелі материяны (затты) сезінген соң, сол жөнінде түйсік қалыптастырып, мидағы пайда болған сана «ой» болып ауыздан шығып, жалпының қиялына түней бастауы, адамдар арқылы шындыққа айналуы және халық өміріне тікелей әсері –демек, таза жүректен туған тамаша ой ғана даму болмақ. Ойдағы ерлік нағыз ерлік. Міне бұны білген біздің ата-балармыз «Ақылы асса, аға тұт» деп жұрттан мойны озық тұлғаларды тани білді және солардың айтқанымен жүрді, Ел тағдырын солардың қолына сеніп тапсырды. Сондықтан да қазақ халқының ел басқарған хандары, би-шешендер мен жыршы-жырауларды тыңдады, содан да бүгінде  бізге «Бабалар аманаты» 100-том жетіп отыр, осы сөз маржандары мен асыл ойлар әр дәуірдің өзіндік идеологиясы болғанын айғақтады.

VI-VIII ғасырдан бізге жеткен Күлтегін құлпы тасында «мәңгі ел» идеиясы 4 рет кездеседі. Демек сол дәуірдегі (552-жыл) Түрік  қағанатының аумағы қытайдың шығыс терістігіндегі өлкелерінен бастап Каспий теңізіне дейінгі ұлан-байтақ өңірді қол астына қаратқан. Міне осы кездегі елдік мұрат ол мәңгі ел болу еді. [12, 165-166б] Абай атамыздың «Біріңді қазақ бірің дос көрмесең, істің бәрі  бос» идеиясы, Шәкерім қажының «Мен қазақты өрге қарай сүйреп өтермін» деуі, Алаштықтардың «Оян, қазақ» идеясы, Ыбырай атамыздың «Кел балалар оқылық», Ахмет атамыздың «Тілі жоқ халық өлген халық» деуі қазақ ұлтының тамыры тереңде жатқан өзіндік философясы бар, ұлттық идеясы қалыптасқан ел екенін айқын аңғарамыз.

1991 жылдан егемендік алғаннан біз қазақтар  сол бабалар арманы мен  ұлттық идеияны шынымен аңсадық. Оған жетуге жан-сала ел басымыздан бастап күндіз дем алмай, түнде ұйықтамай елдік мұрат жолында жұмыс істедік, соның жемісі 1999 жылдан бастап эконмикалық өсім көріліп боймызға қан жүгіре бастады. 1995 жылы әлем Абай атамызыды мойындап, тойын халықаралық деңгейде өткізді, міне мұның барлығы ел басы Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясаткер, іскер басшы екендігін дәлелді. Бізге өтпелі кезеңде тез шешім қабылдау керек болды ол үшін президенттік жүйе ауадай қажет еді. Бұны сол кезеде халық толық түсіне қойған жоқ, сол сияқты қазақтың жерінің ортасы Сарыарқа төріне Астананы апарып қондыру оңайға түскен жоқ, бүгінде өз өміршеңдігін көрсетті.


Автор: Нұрхалық Абдурақын

Мақаланың түпнұсқасын мына жерден оқи аласыз.

Бөлісу: