ҚазҰУ қалашығынан фоторепортаж

13 Қыркүйек 2014, 10:22

«El.kz» интернет-жобасының сұранысымен аталмыш университеттің меншікті газетінде фото-тілші болып қызмет атқаратын Досжан Балабекұлы арнайы фоторепортаж әзірледі.

Отандық жоғары оқу орындарының ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің алар орны ерекше екені бәріне мәлім. Университет ресми түрде 1934 жылдың 15 қаңтарында ашылды. Содан бері аталмыш оқу орнын сан мыңдаған маман тәмәмдап, қазақ еліне еңбегі сіңген бірталай азаматтар түлеп шықты. ҚазҰУ бүгінгі күні де еліміздегі ЖОО-лар ішінде көшбасшылықты бекем ұстап тұр.

Мұғалімдер сапасы мен студенттердің талапшылдығын есептемегеннің өзінде, бұл университеттің өзгелерден бір нәрсе ерекшелейді және ол – 100 гектарды қамтитын ҚазҰУ қалашығы. Қалашықта оқу корпустары мен жатақханалар, ректорат, студенттер сарайы, интернет-кафе, спорт кешені, кітапхана және студенттік өмірге қажетті өзге де кешендер орналасқан. Студенттер үлкен қалаға шықпай-ақ осы кішігірім қалашықта білім ала береді.

«El.kz» интернет-жобасының сұранысымен аталмыш университеттің меншікті газетінде фото-тілші болып қызмет атқаратын Досжан Балабекұлы арнайы фоторепортаж әзірледі. 

1. ҚазҰУ ректораты (жаз мезгілінде).

2. ҚазҰУ ректораты (қыс мезгілінде).

3. Әр аптаның басында ҚазҰУ-дың ректорат мәжілісі өтеді.

4. Ректорат өзгеше ракурстан.

5. ҚазҰУ-дың экономика және бизнес жоғары мектебінің 1 курс студенттері.

6. ҚазҰУ-дағы Әл-Фараби ескерткіші.

7. Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы.

8. Ұлттық университеттегі ұлттық мерекенің дүбірі...

9. Әл-Фараби ескерткіші жоғарыдан қарағанда.

10. ҚазҰУ қалашығы. Ректораттан қарағандағы көрініс.

11. Механика және математика факультетінің студенттері университтік «Қазақ университеті» газетінің кезекті санындағы ақпараттармен қанығуда. 

12. Орталық Азиядағы университтер арасындағы ең үлкен ғылыми кітапхана ҚазҰУ қалашығында орналасқан.

13. ҚазҰУ кітапханасына келген студент. 

14. Университет қабырғасында 13 факультет болса, өкінішке орай соның бәрі қалашықта емес. Мәселен, Философия және саясаттану, Халықаралық қатынастар факультеттері үлкен қалада, алайда бұл факультеттердің жатақханалары қалашықтың аумағында. Жатақханадан оқу кампусына жету үшін студенттік 1 шақырымға жуық жаяу жүріп, одан соң қоғамдық көлікке мінеді.

15. ҚазҰУ қалашығының келешектегі келбетінің жобасы.

16. Жоғарыдан қарағанда: Тарих, Филология және Журналистика факультеттерінің оқу корпустары. (Ескерту, факультеттердің ресми атаулары қысқартылып берілді).

17. Болашақ журналистер мектебі.

18. ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркі.

19. Қалашықтың қақ ортасындағы 3 қабаттан тұратын алып ғимарат бар және онда интернет-кафе және тамақтандыру комбинаты орналасқан.

20. Интернет пайдаланып, тамақ ішу үшін студенттер осы жерге келеді.

21. Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайының түнгі көрінісі.

22. Механика-математика факультетінің үлкен залы. 

23. Достармен бірге естелік суретке түскенге не жетсін!

24. ҚазҰУ студенттеріне арналған автотұрақ.

25. ҚазҰУ түлектерінің балы.

26. Ұлттық университет - өнерлі жастар мекені!

27.1 мамыр. Ұлтаралық татулық мейрамы.

28. ҚазҰУ биыл 80 жылдық мерейтойын атап өтті.

29. ҚазҰУ. Гүл мен қыз... Алтын белгі иегері, Экономика және бизнес жоғары мектебінің 1 курс студенті Аида Темірбекова.

30. Химия факультетінің үлкен залы.

31. Механика-математика және журналистика факультетінің студенттері.

32. Студенттік шақта көптеген жастар өздерінің жұптарын тауып жатады. 

33. Қазақтың сұлу волейболшы қызы Сәбина Алтынбекова ҚазҰУ студенті атанды.

34. Сұңқар» студенттер кәсіподағының төрайымы Айдана Сыдықова Экономика және бизнес жоғары мектебінің қызыл диплом иегері, ҚазҰУ магистранты. 

35. ҚазҰУ- өмірдің өзі.

36. ҚазҰУ кампусы.

37. Ұлттық университеттің биология және биотехнология факультетінің түлектері бас қосқан күн.

38. Ермахан Ибрагимов ҚазҰУ-дың заң факультетінің түлегі.

39. ҚазҰУ коллежінің түлектері.

40. Күрделі жөндеуден толықтай өткен ҚазҰУ-дың жаңа №15 студенттері үйі.

41. №15 студенттер үйінің меңгерушісі Айгүл Сәлімқызы Дониярова.

42.Жатақханаға кіру рұқсат қағазын тексеру күнделікті жоспарлы жұмыс.

42. №15 жатақхананың қызметкері Гүлжан Тоқтарбаева студентке қаптама беру сәті.

43. №15 жатақханадағы өзін-өзі басқару ұйымының кезекті жиыны.

44. №5 жатақхананың кіреберіс дәлізі.

45. №5 физика-техникалық факультеті студенттеріне арналған жатақхананың оқу бөлмесі.

46. Студент бөлмесі.

47. Журналистика факультетінің 4 курс студенті Аида Тойлыбаева мен Философия және саясаттану факультетінің 4 курс студенті Нұрбол Тлеубергеннің оңашада сырласуы.

48. №9 Философия және саясаттану факультетінің студенттер үйіндегі студенттердің жатақханаға кіру рұқсатнамасын тексеру сәті.

49. Бөлме кілттері төмендегі вахтада осындай тақтайшада сақталады. 

50. №9 студенттер үйінің меңгерушісі Тнайсбекова Жаңылхан апай осы факультет студенттерінің екінші анасындай.

51. Философия және саясаттану факультетінің 1 курс студенттері Нурғаным Сейітқасымова мен Әйгерім Әбдіхан демалыс бөлмесінде көгілдір экранды тамашалап отыр.

52. Бұл №9 студенттер үйінің сыртқы көрінісі.

53. №10 тарих, археология және этнология факультетінің студенттеріне арналған студенттер үйі. Дәл осы жатақханада студенттік медпункт орналасқан.

54. Өнерлі жастар кешті осылай өткізеді...

Суреттердің авторы: Досжан Балабекұлы

Материалды дайындаған: Дархан Өмірбек

Бөлісу: