Аз сөйлеп, көп іс тындыру керек: Олжас Бектенов жаңа министрлерді таныстырды

6 Ақпан, 23:01 728

ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов ұлттық экономика, қаржы, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау министрліктерінің жаңа басшыларын таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровқа ведомство алдында ауқымды және амбициялық міндеттер тұрғанын атап өтті.

Сурет: primeminister.kz

Ұлттық экономика министрлігін реформалар мен экономикалық серпіліске қол жеткізу бойынша алға қойылған міндеттерді жүзеге асырудағы негізгі күш деп айтуға болады. Бұған қажет барлық ресурстар бар деп ойлаймын. Ең бастысы, министрлікті формализмсыз, бюрократиясыз, қажетсіз жиындарсыз белсенді жұмыс істеуге бағыттағым келеді. Аз сөйлеп, көп іс тындыру керек, — деді Олжас Бектенов.

Сурет: primeminister.kz

Мәди Такиевті қаржы министрлігінің ұжымына таныстыру барысында премьер-министр ведомствоны мемлекеттік басқарудағы маңызды органдардың бірі екенін атап өтті.

Сурет: primeminister.kz

Сол себепті Мемлекет басшысы да, Премьер-Министр ретінде мен де Қаржы министрлігінің барлық бағыттар бойынша нақты, белсенді жұмыс атқаратынына сенеміз, — деді Олжас Бектенов.

Сурет: primeminister.kz

Шыңғыс Әріновті Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымына таныстырып, Премьер-Министр ведомство жұмысының негізгі бағыттарын атап өтті.

Жақында ғана Алматыда Мемлекет басшысы жер сілкінісінен кейін министрлікке нақты сын айтты. Төтенше жағдайлар министрлігінің алдында төтенше жағдайларға жедел әрекет ету және алдын алу жүйелерін жаңғырту бойынша өте маңызды міндеттер тұр. Президент қойған міндеттерді Шыңғыс Сайранұлы абыроймен орындайды деп ойлаймын, - деді Үкімет басшысы.

Сурет: primeminister.kz

Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына Ақмарал Әлназарованы таныстыру кезінде оның тәжірибесі мен жоғары кәсіби біліктілігін атап өтті.

Министрліктің алдында денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және одан әрі оның тиімділігін арттыру міндеті тұр.

Бұл – мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыты. Денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеру үшін бәріміз бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Біз бұған жан-жақты көмектесеміз, - деп түйіндеді Олжас Бектенов.

Премьер-Министр Үкіметтің жаңа құрамына енбеген барлық бұрынғы министрлерге атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: