Қазғарыш: сандар сөйлейді

19 Мамыр 2016, 04:18

Жаңа дәуір жетістігі

Жерсеріктер тарихы

1957 жылдың қазан айында Кеңес одағы ғарышқа Жердің «Спутник-1» алғашқы жасанды серігін аттандырды. Америка болса, өзінің тұңғыш «Эксплорер-1» жерсерігін 1958 жылдың қаңтар айында ғана жіберді. Алайда бұл ғылыми мақсатпен жөнелтілген алғашқы жерсерік еді.

Алғашқы қазақстандық жеңіл телекоммуникациялық геостационарлық «ҚазСат-1» жерсерігі 2006 жылдың 18 маусымында ұшырылды.

Әлем бойынша алдағы он жылда ғарыш саласына бөлінетін мемлекеттік шығындар 2,1 пайызға өседі деген болжам бар. Бұл көрсеткіш 2024 жылға қарай 81 млрд долларға жетеді.

Жерсеріктер

Қазір ғарышта мыңнан астам жерсерік бар.

«Ғарыштық» қаржы қайда жұмсалып жатыр?

  1. 10,9 млрд доллар – Жерді бақылау бағдарламасы – 52 елдің инвестициясы
  2. 10,8 млрд доллар – ұшқыштары бар ғарыш қызметі – 7 ел мен Еуропа ғарыш агенттігінің инвестициясы
  3. 7,4 млрд доллар – зымыран тасығыштарды дамыту
  4. 5,9 млрд доллар – жерсеріктік байланыс, ғарыш ғылымы мен зерттеу бағдарламалары
  5. 4,5 млрд доллар – жерсеріктік навигация шығындары – 5 ел мен Еуропа одағының құйған инвестициясы
  6. 2 млрд доллар – ғарыш кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламалары – 10 мемлекеттің инвестициясы.

Қазақ ғарыш саласының қаржысы 

2011 жылы «Қазғарыш» бюджеті 269 млн доллар болса, 2014 жылы екі есеге, 127 млн долларға азайды.

Отандық ғарыш

1991 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақ КСР ғарыш зерттеулері агенттігі құрылды.

1991 жылдың 2 қазанында қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1993 жылдың 25 ақпанында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігі (қазіргі Қазғарыш) құрылды.

Біздің ғарышкерлер

Тоқтар Әубәкіров – 1991 жыл, ғарышта өткізген уақыты – 7 күн 22 сағат 13 минут

Талғат Мұсабаев – 1994, 1998, 2001 жылдар, ғарышта өткізген уақыты – 341 тәулік 9 сағат 40 минут. Ерекшелігі: ашық ғарышқа бес рет шықты (жалпы ұзақтығы –  30 сағат 8 минут)

Айдын Айымбетов – 2015 жыл, ғарышта өткізген уақыты – 9 күн 20 сағат 13 минут. Ерекшелігі: сапар құны – 50 млн доллардың орнына 20 млн доллар.

Байқоңыр туралы мәлімет

Тарихы

1955 жылдың 2 маусымы – «Байқоңыр» ғарыш айлағының ресми туған күні

1955 жыл – құрылыстың басталуы

1957 жылдың 5 мамыры – полигонның алғашқы кешенінің құрылысы аяқталды

1957 жылдың 6 мамыры – полигонда алғашқы Р-7 зымыраны орнатылды

1957 жылдың 5 тамызы – америкалық барлау қызметі Lokheed U-2 барлаушы ұшағының көмегімен «Байқоңыр» полигон алаңының орналасқан жерін анықтады

1957 жылдың 4 қазаны – ғарыш дәуірінің бастауы – әлемдегі бірінші жасанды Жер серігінің ұшырылуы

1961 жылдың 12 сәуірі – ғарышқа адам (Юрий Гагарин) ұшты

Жалпы алғанда, жалпы ғасырлық тарихы бар ғарыш айлағынан 2500-ге жуық зымыран, 3 мыңнан астам ғарыш аппараты жіберіліп, 130-дан астам ғарышкер ұшты.

Статистикалық мәлімет

Байқоңыр Қызылорда облысындағы Төретам ауылының қасында орналасқан

Ғарыш айлағының аумағы – 6717 шаршы шақырым

Байқоңырда 68,5 мың адам тұрады:

Оның 53 пайызы – Қазақстан азаматы,

43 пайызы – Ресей азаматы,

қалған 4 пайызы – өзге елдердің азаматы

8,5 мың адам – ғарыш айлағының азаматтық сала персоналы, оның 2,5 мыңы – ҚР азаматтары

2050 жылы Ресейдің ғарыш айлағын жалға алу мерзімі бітеді.


Әзірлеген – Айбота Өтеулі

 

Бөлісу: