Әйтенов бұрынғы әйелі Дана Әтешованың үстінен арыз түсірді

15 Шілде, 12:39 9563

Бұл туралы Марат Әйтеновтің адвокаты Мұрат Амитов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Заң алдында бәрінің құқығы тең бе? Марат Әйтенов бүгін бұрынғы жұбайына қатысты арыз берді: Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-бабына сәйкес денсаулыққа зиян келтіргені үшін; Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабында көзделген отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері үшін; Сот шешімін және атқару құжатын орындамағаны үшін;. Қорғаушы тарапта барлық бейне дәлелдер бар. Төмендегі видеода Әйтеновті бұрынғы әйелі балағаттап жатыр, - дейді адвокат Мұрат Амитов Facebook парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі Дана Атешова Әйтенов өзін бірнеше рет зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған. Дана Атешова бұрынғы жұбайы оны және балаларды үйден күштеп шығарғанын мәлімдеді. 

Бүгін Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ӘҚБтК-нің 73 - бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы Марат Әйтеновке қатысты іс қаралды. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: