“Айсұлу” хоккей клубы Еуропа әйелдер лигасының финалында жеңіске жетті

27 Наурыз, 03:37 534

Қазақстандық әйелдер хоккей клубы "Айсұлу" Еуропа әйелдер лигасының (EWHL) жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Федерация мәліметінше, финалда отандастарымыз Австрияның Санкт-Пёльтен қаласынан барған "Сэйбрз" клубымен кездесті. Алғашқы матч 1:1 есебімен тең аяқталды, сондықтан жеңімпаз жауапты ойында анықталды. 

Шешуші ойында алматылық хоккейшілер бірінші кезеңде есеп ашты, бірақ көп ұзамай қарсыластары таразы басын теңестірді.

Овертаймның екінші минутында Эннлиз Хэйз гол соғып, жеңіс "Айсұлуға" командасына бұйырды. Бұл матчта Қазақстан құрамасының ойыншылары Малика Алдабергенова мен Пернеш Әшімова нәтижелі пастарымен көзге түсті.

Асқар Таудай
Бөлісу: