Қайрат Нұртас - ең көп қарама-қайшылық тудыратын әртіс

9 Қазан 2014, 15:07

Жас та болса, тағдыр қалауымен халық арасында кең танымалдыққа ие болған Қайрат Нұртас еліміздегі ең көп талқыланатын әртістердің бірі.

Жас та болса, тағдыр қалауымен халық арасында кең танымалдыққа ие болған Қайрат Нұртас еліміздегі ең көп талқыланатын әртістердің бірі.

.

 Жуырда халыққа еңбегі сіңген, біртума әнші Бибігүл Төлегенова апай Қайратты әнші ретінде мойындамайтынын айтқан болатын. Алайда, әншінің концерті үнемі "аншлагпен" өтеді, оның өлеңдерін үш жасар балаға дейін біледі.

Арманы адастырмаған Қайрат өнер әлеміне саналы түрде келді. Жоғарыда Қайратты әнші емес, әртіс деп жазған болатынмын. Жалпы, XXI ғасырдың әртісі кім, ол қандай болу керек? Бірнеше мысал келтіре кетейін:

- XXI ғасырдың әртісі ретінде музыка әлеміндегі ең танымал тұлға - Майкл Джексонды атасам қателеспеймін. Миллиондаған жанкүйері бар Майкл ән айтумен шектелген жоқ. Ол сазгер, әнші, аранировщик, биші, хореограф, актер әрі бизнесмен болды. Оған әлемдік атақ әкелген де оның жан-жақтылығы мен еңбекқорлығы.

- Ұлыбританияның ең танымал әншілерінің бірі Фредди Меркьюри болса, сазгер, ақын әрі продюсерлік сынды үш бағытты қатар алған адам.

Бұл екі әртісті біріктерін ортақ мәселе бар. Кезінде осы аталғандар бірі «жеңіл ән айтты», бірі «қоғамға теріс ықпал береді» және т.б. осы тектес сындарға ілікті. Бірақ оларды халық мойындады және талмай еңбек пен өз ісіне деген сүйіспеншілігінің арқасында олар музыка әлемдегі ең танымал тұлғаларға айналды. Сонда, бүгінгінің әншісі керемет дауысы бар адам емес, «әу» дей алатын, өнерге қызығушылығы бар, осы жолда аянбай еңбек ететін адам болғаны. Әрине, Бибігүл апамыздың заманында шынайы, мықты даусы бар адам ғана әнші бола алатын. Бұл ретте, қайталанбас даусы бар Роза Рымбаева өз баласының даусын мойындамаған-тын. Бірақ, Әли Оқапов өзінің жігері мен еңбегінің арқасында шоу-бизнес саласындағы танымал да өнерлі жігіттердің бірі екенін дәлелдеді. Ал, Қайраттың халықтың сүйіктісі болуының бірден-бір себебі ол өлеңді жүрекпен айтады. Сондықтан Қайратты әнші емес, халықтың сүйікті әртісі деуге болады. Бұл тұжырымға екі жақ та келіседі деп ойлаймын. Бұл мақалада бірінікі дұрыс, бірінікі бұрыс деп ел арасына от жағудан аулақпыз. Мақсат, екі түрлі пікір тудыратын дауды бір тоқтамға келтіру. 

Қайрат Нұртас туралы 6 дерек:

- Ең алғаш қатысқан байқауы - "Әнші балапан".

- Ең алғашқы жеке концерті 2008 жылы (19 жаста) Алматыда өтті.

- Ең алғаш танымалдық әкелген клипі "Арман" деп аталады.

- Ең алғаш түскен фильмі "Өкініш", 2013 жылы жарыққа шықты.

- Ең алғашқы табысы - 300 доллар шамасында. 

- Ең бағалы сыйы - екі інісі.

Суреттердің дереккөздері: http://www.voxpopuli.kz/post/1400/odensya-kak-kayrat-nurtas, http://interview.voxpopuli.kz/kz/post/1338/qayrat-nurtas-men-kynaly-emespyn-byraq-barybyr-keshyrym-suraymyn

Бөлісу: