Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы бір айға ұзарды

26 Қыркүйек 2022, 14:51 1218

Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді

Қайрат Боранбаевты күзетпен ұстау бұлтартпау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды El.kz.

«2022 жылғы 8 қыркүйекте Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты», - делінген Астана қалалық соты баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісімен іс қозғап, уақытша ұстау изоляторына қамаған болатын.

Қазіргі уақытта ірі мөлшерде, оның ішінде шетелде қылмыстық кірісті заңдастыру белгілері бар неғұрлым резонанстық істерді тергеп-тексеру ерекше бақылауда.

Бұл - Қ.Сатыбалдыұлына, Г.Сатыбалдыға, Қ.Боранбаевқа, «ӨКМ» ЖШС операторының басшыларына қатысты және басқа істер.

Қазіргі уақытта тергеу органдары қабылдаған шаралардың арқасында шамамен 230 млрд теңге, оның ішінде оларды шетелдік юрисдикциялардан қайтару жолымен өтелді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп-тексеріп жатқан іс бойынша айыпталушылар Лихтенштейннен 170 млн АҚШ долларын өз еркімен қайтарды.

Бөлісу: