Аймағамбетов МӘМС-те жоқ азаматтарға онкология бойынша ерте анықтау скрингінен өтуді ұсынды

10 Маусым, 12:12 511

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «Онкология қызметінің проблемалары мен даму перспективалары» тақырыбындағы отырыста МӘМС-те жоқ азаматтарды онкология бойынша ерте анықтау скринингінен өтуді ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдыңғы жылы онкология ауруханалары кредиторлық берешексіз шықты. Бұл жағдай енді жақсарып келе жатыр деген сөз. Бірақ бұл өзгерістер Денсаулық сақтау министрлігінің солақай, асығыс, талдаусыз шешімінің кесірінен қазір осы мәселелер бойынша біраз қауіп төніп тұр деп те айтуға болады. Түсіну өте қиын... Зерттеу толығымен жүргізілмеген. Тек қана қысқа мерзімнің ішінде барып, кейбір тұжырымдамалар жасап, соның негізінде осындай асығыс шешімдерді қабылдап отыр. Бұл енді көңілге қонымсыз, - дейді мәжілісмен.

Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, ең бірінші үлкен проблеманың бірі – Қазақстан бойынша 3,5 миллионға жуық азамат онкологияны ерте анықтауға қол жеткізе алмай отыр. Өйткені бұл азаматтар МӘМС жүйесінде жоқ.

Тиісінше олар онкоскринингте жоқ. Онда болмағаннан кейін олардың онкологиясы дер кезінде анықталмайды. Неге? Өткені біз бюджетті үнемдейміз деп отырмыз. Бірақ бұл шешімнің кесірінен ол азаматтардың ауруы уақытында анықталмайды. Сонымен қатар екінші, үшінші, төртінші стадияда келеді. Онкологиясы анықталғаннан кейін, ТМККК бюджетінен емделеді. Бірақ оны біз нөлінші, бірінші стадияда анықтасақ, экономикалық тұрғыдан, бюджеттен кететін ақша аз болушы еді. Дегенмен онкологиялық скринингте болмағандықтан, кеш анықталады. Яғни оны емдеу де қиын, қаражаты да көп, адамның әрі қарай емделіп кетуіне мүмкіндігі өте аз. Осы проблеманы шешуіміз керек деп санаймыз. МӘМС-те жоқ азаматтар онкология бойынша ерте скринингпен міндетті тұрде қамтылуы керек, - деді Аймағамбетов.

Депутат бұған дейін Қазақстанда жыл сайын онкологиялық аурудан 13 мың адам қайтыс болатынын мәлім етті.

Миражан Махан
Бөлісу: