Аймақтардағы ҚХА өзара тәжірибе алмасуда

19 Қазан 2018, 12:29 1682

Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл,Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында «Ынтымақ шеруін» ұйымдастырды.

"Ынтымақ шеруі" өткізуде басты мақсат – этносаралық және қоғамдық келісімді нығайтуда өңірлік «Қоғамдық келісім» арасындағы байланысты дамыту болып табылады.

Оның аясында Тараз, Шымкент қалаларындағы «Достық үйі-Қоғамдық келісім» орталығының және оның құрылымдық бөлімдерінің қызметімен танысып, этномәдени орталықтар, Аналар, Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелерімен кездесу өтті.

ҚХА мүшесі Л. Хочиева «Ынтымақ шеруі» жобасы, яғни дәл Алматы облысының бастамасымен ұйымдастырылған "Рухани Жаңғыру" жобасы аясындағы достық шеруі, менің ойымша, теңдессіз, үздік жоба. Себебі жалғастырушы ұрпаққа қатысты. Жастар достық пен татулықты алып жүрулері қажет» деді.

Әрбір осындай кездесу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық концерттік бағдарламасымен аяқталып отырды. Сахнада әр этностың музыкасы естіліп, әндері мен билері кезектесіп орындалды. 

 

Бөлісу: