Айгүл Мүкей күйеуін көпшілікке неге көрсетпейтінін айтты

3 Қараша 2023, 15:07 2670

Танымал отандық тележүргізуші Айгүл Мүкей Динара Сәтжанға берген сұхбатында жолдасына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тележүргізушінің айтуынша, оның күйеуі әлеуметтік желіде көрінуді қаламайды екен.

Ол негізі өте сымбатты ер азамат. Көз тиеді. Қызметі бар, өзі қаламайды, сол үшінде суретін салмаймын. Оның үстіне менен жасы кіші. Жалпы, көпшілік алдында жүргенді ұнатпайды. Қызым да әкесіне ұқсаған. Суреттерін әлеуметтік желіге салғанды құп көрмейді. Дегенмен күйеуім туыстарымыздың, жақындарымыз бен достарымыздың алдында ашық жан, - деді Мүкей.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: