Мадонна күрделі бактериялық инфекция жұқтырып, бірнеше күннен бері Нью-Йорк ауруханаларының бірінде жан сақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Менеджері мәлім еткендей, әншінің жағдайы жақсарып келеді, дегенмен әлі де дәрігерлердің бақылауы қажет.
Сырқат салдарынан 64 жастағы поп-әнші музыкалық мансабының 40 жылдығына арналған The Celebration әлемдік турнесінің басталуын кейінге қалдыруға мәжбүр болды.
Бірінші концерт 15 шілдеде Ванкуверде өтуі тиіс еді. «Грэмми» иесі жанкүйерлері таңдаған үздік хит әндерін орындауға уәде берді.