Әйелін ұрып-соққан дипломат 7 жылға сотталуы мүмкін

Кеше, 16:50 362

Әйелі Карина Мамашты азаптаған бұрынғы дипломат 7 жылға сотталуы мүмкін. Бұл туралы Жетінші арнаға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жәбірленушінің адвокаты Бибінұр Мұратованың сөзіне қарағанда, әйеліне 10 жылдан аса қорлық көрсетіп келген ер адамның ісі сотқа жіберілді.

Тергеу толығымен аяқталды. Енді экс-дипломат Қылмыстық кодекстің 100-бабы (Азаптау) бабы бойынша сот алдында жауап береді, – дейді адвокат. 

Айта кетейік, бұл бап бойынша күдікті енді 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін дипломаттың әйелі Карина Мамаш 5 мамырда Сәкен Мамаш үйіне қонаққа келген әпкесі мен оны ұрып-соққанын айтқан еді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: