Әйелін ұрған танымал әнші 10 тәулікке қамауға алынды

16 Қаңтар, 13:40 3451

Әйелін ұрып, жазадан құтылып кетпек болған әнші Рахат Тұрлыханов 10 тәулікке қамауға алынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы сотында Рахат Тұрлыхановтың ісі жабық режимде қаралды.

Сот алқасы осы материалды қарау барысында бұрын жұбайына бірнеше рет қол көтеру дерегі болуына байланысты бірінші сатыдағы сот шешімімен келіспеді. Алматы соты алқасының шешімі бойынша, Алматы әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімі өзгертілді, - делінген сот хабарламасында.

Сот алқасының қаулысымен Тұрлыхановқа қатысты жазалау шарасы ескертуден 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасына өзгертілді. Қаулы заңды күшіне енді.

Айта кетейік, Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өткен жылдың желтоқсан айында экс-әншінің үйде жанжал шығарып, жұбайын ұрып-соққанын анықтады. Алайда, әнші ескерту түріндегі әкімшілік жаза арқалағанын жазған едік.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: