Әйелін өлтірген Қуандық Бишімбаевтың ісін жүргізетін судья анықталды

26 Ақпан, 13:50 2993

2024 жылдың 26 ақпанынан бастап Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаев пен інісі Бақытжан Байжановтың ісі қаралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бишімбаевтың ісін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, судья Айжан Құлбаева жүргізеді.

Ол бұл қызметке Президенттің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы Жарлығымен тағайындалды.

Судья Айжан Құлбаева бұған дейін «Атамекен» АЭС-тің экс-басшысы Абылай Мырзахметов, Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев, блогер Махамбет Әбжан, бұрынғы білім вице-министрі Саят Шаяхметов және тағы басқалардың ісін қараған.

Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың туған ағасы Айтбек Амангелді Бау ресторанында болған оқиғаның суреттерін жариялаған еді. Ал Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Назкен Кусаинова оның әлі күнге дейін қайғыдан қан жұтып, жазатайым оқиға болғанын алға тартып отыр.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: