Әйелдер 8 наурызда қоғамдық көлікте тегін жүре алады

5 Наурыз, 10:15 981

Ақтауда әйелдер 8 наурызда халықаралық әйелдер күніне орай қоғамдық көлікте тегін жүре алады,  деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтау жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілдерінің айтуынша, №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 бағыттар бойынша әйелдер тегін жүре алады, - деп хабарлады әкімдік.

Қоғамдық көлік тұрақты кестеге сәйкес 06:40-тан 21:00-ге дейін жүреді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: